Түркия мұхиттарды қорғау келісімінің күшіне енуінде маңызды рөл атқаруда

Ашық теңіздер туралы келісім халықаралық су айдынындағы биологиялық әртүрлілікті қорғауда жаңа кезең бастап, белгіленген аймақтарда балық аулауға тыйым салуды қоса алғанда түрлі қызмет түрін реттеуге арналған құқықтық негіз қалыптастырады.

By
Түркия мұхиттарды қорғау келісімнің күшіне енуінде маңызды рөл атқаруда / AA

Ресми атауы Ұлттық юрисдикциядан тыс теңіз аймақтарындағы биологиялық әртүрлілікті сақтау және орынды пайдалану туралы келісім деп аталатын, әрі тарихи маңызы бар Ашық теңіз келісімі қажетті 60 мақұлдауды алғаннан кейін 17 қаңтар сенбі күні күшіне енді. Бұл халықаралық су айдынындағы теңіз биологиялық әртүрлілігін қорғау бағытындағы маңызды қадам болмақ.

БҰҰ 2023 жылы қабылдаған бұл келісім ашық теңіздерде қорғалатын аймақ құруға құқықтық негіз қалыптастырады және теңіз экожүйесіне зиян келтіруі мүмкін қызмет түрлері үшін қоршаған ортаға әсерін талдауды міндеттейді.

Осы уақытқа дейін мұхиттардың шамамен үштен екісін қамтитын, бірақ жан-жақты құқықтық қорғанысы жоқ ашық теңіздерге қатысты қорғау шаралары негізінен ұлттық және жағалау  шеңберімен шектеліп келді.

Түркия бұл келісімді қолдайды

Теңізді қорғау институтының «Теңізді қорғау атласының» дерегіне сәйкес, әлем бойынша шамамен 16 600 теңізді қорғау аумағы мұхиттардың 9,6%-ын қамтиды. Алайда соның небәрі 3,2%-ы ғана балық аулау секілді қызмет түрлеріне қатаң шектеу қоятын жоғары деңгейдегі немесе толық қорғалатын аумақ саналады.

Анадолы агенттігіне сұхбат берген Түрік теңіз зерттеулері қоры төрағасы Байрам Өзтүрік бұл келісімді жаһандық мұхиттарды қорғауда жаңа дәуір деп бағалады.

Өзтүрік ашық теңіздердегі қорғалатын аумақтар халықаралық су айдынының бәрінде бірдей балық аулауға тыйым салмайтынын, керісінше, белгіленген аймақтарда толық тыйым енгізуді қоса алғанда, барлық қызмет түрін реттеуге арналған құқықтық негіз қалыптастыратынын атап өтті.

Сондай-ақ ол келісімді тиімді іске асыру ашық теңіздегі әртүрлілікті қорғап, мұхиттарды басқарудағы үлкен олқылықтарды жабуға мүмкіндік беретінін айтты.

Бурса техникалық университетінің Теңіз ісі зерттеулері факультетінен Левент Билгили келісім кемелер мен халықаралық су айдынындағы операциялардың жоғары жауапкершілік және экожүйені қорғау стандарттарына сай болуын талап ететінін мәлімдеді.

Қараша айында өтуі жоспарланған БҰҰ-ның «COP31» конференциясы Анталия қаласында өтеді, ал көшбасшылар саммиті Стамбулда  ұйымдастырылады деп жоспарланған.