Әзербайжан Арменияға екінші мұнай партиясын жеткізеді
Армения мен Әзербайжан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жалғасуда. Армения Әзербайжанның елге қайтадан бензин мен дизель отынын жіберетіні туралы ақпаратты растады.
Әзербайжан Арменияға екінші мұнай партиясын жеткізеді
Әзербайжан Арменияға екінші мұнай партиясын жеткізеді / Reuters

Әзербайжан көршілес Арменияға алғашқы мұнай жөнелтілімінен бір ай өткен соң, бейсенбі күні мұнай өнімдерінің екінші партиясын жеткізеді.

Армения Экономика министрлігінің баспасөз хатшысы Лилит Шабоян бейсенбі күні «Арменпресс» мемлекеттік ақпарат агенттігінің сұрағына жауап бере отырып, жеткізілімнің жүзеге асатынын растады, бірақ басқа егжей-тегжейлі мәлімет берген жоқ.

Сәрсенбі күні «Trend» ақпарат агенттігін қоса алғанда, әзербайжандық БАҚ келесі жөнелтілім 8 қаңтарда болатынын хабарлаған еді.

Мәліметтерге сүйенсек, жүк Гүздак теміржол станциясы мен Баку жүк станциясынан жөнелтіледі. Жеткізілетін өнімдердің ішінде 1 000 тонна АИ-92 бензин, 1 000 тонна дизель отыны және 1 800 тонна АИ-95 бензині бар.

Алғашқы экономикалық келісім

Әзербайжан өзінде өндірілген мұнай өнімдерін Арменияға алғаш рет желтоқсан айында жеткізген болатын.

Армения Экономика министрі Геворг Папоян “Facebook” әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Мүмкін бұл екі ел арасында бейбітшілік орнағаннан кейін ғана емес, жалпы тәуелсіздік алғаннан бергі Армения мен Әзербайжан арасындағы алғашқы коммерциялық және экономикалық келісім шығар», — деп жазды.

Іздеу
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Зеленский Ресейді айыптады
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді