Израиль әскері Газаның шығысына қарай шегіне бастады

Израильдің “Channel 12” арнасының хабарлауынша, Израиль күштерінің Рафах пен Хан-Юнустан және Газаның солтүстігінен шығысқа қарай шегініп, Израиль шекарасына жақындауы күтіледі.

(АРХИВ) Израиль соғыс көліктері Газадағы көшелерінде. / Reuters

Израиль медиасының дерегінше, Израиль армиясы АҚШ президенті Дональд Трамптың қоршаудағы Палестина жеріндегі соғысты тоқтату жоспары аясында көрсетілген аймақтарға қарай кезең-кезеңімен әскерін шегіндуде.

Израильдің “Channel 12” арнасы жұма күні жариялаған хабарында: «Алдағы 24 сағат ішінде Израиль армиясы Трамп жоспары шеңберінде Израиль мен ХАМАС арасында келісілген Сары сызыққа қарай Газаның белгілі бір аймақтарынан әскерін толық шығарады», – деп мәлімдеді.

Хабарда сондай-ақ: «Израиль әскерінің Рафах пен Хан-Юнустан (оңтүстікте) және Газаның солтүстігінен шығысқа қарай шегініп, Израильдің шекарасына жақындауы күтіледі», – делінді.

Бейсенбі күні таңғы ерте сағаттарда Трамп Израиль мен палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС атысты тоқтату және тұтқын алмасу жоспарының алғашқы кезеңі бойынша келісімге келгенін жариялаған болатын.

Келісімге Түркия, Мысыр және Катар делегацияларының қатысуымен АҚШ-тың бақылауында екі тарап арасында Мысырдың Шарм-ел-Шейх қаласында өткен төрт күндік жанама келіссөздерден кейін қол жеткізілді.