Израиль бітім келісімі аясында палестиналық тұтқындарды босата бастады

Тұтқын істері жөніндегі медиа кеңсенің хабарына қарағанда, бостандыққа шыққан тұтқындарды алып келе жатқан автобустар басып алынған Батыс Шерия мен Газаға бағыт алған.

Израиль бітім келісімі аясында палестиналық тұтқындарды босата бастады / AA

Кеңсенің мәліметінше, Израиль Газа бітім келісімі аясында палестиналық тұтқындарды босата бастады.

Дүйсенбі күні жасалған мәлімдемеде босатылған тұтқындарды алып келе жатқан автобустар Рамалланың батысындағы Офер түрмесінен шығып, басып алынған Батыс Шерияның Бейтунья қаласына бет алғаны айтылды. Сондай-ақ босатылған тұтқындарды тасымалдаған автобустар Израильдің оңтүстігіндегі Негев түрмесінен Газаға қарай жолға шыққаны хабарланды.

Тұтқындардың босатылуы палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС-тың бітім келісімінің алғашқы кезеңі аясында 20 израильдік тұтқынды тапсыруынан кейін жүзеге асты.