Трамп АҚШ-тың қорғаныс бюджетін арттырмақ
АҚШ президенті Дональд Трамп жаһандық қауіп-қатерлердің күшеюін алға тартып, 2027 жылы АҚШ-тың әскери шығындарын 1,5 триллион долларға дейін арттыруды ұсынды.
АҚШ президенті Дональд Трамп елдің қорғаныс шығындарын 2027 жылы 1,5 триллион долларға жеткізуді ұсынды.
Бұл ұсыныс 2026 жылға 901 миллиард доллар болып бекітілген әскери бюджетпен салыстырғанда едәуір көп.
Трамп бұл қаржыландыруды арттыруды Венесуэла президенті Николас Мадуроны ұрлап, оны есірткі тасымалына қатысты айыптаулар бойынша АҚШ-қа жеткізуге бағытталған америкалық әскери операцияға бұйрық бергеннен бірнеше күн өткен соң көтерді.
Операциядан кейін америкалық күштер Кариб теңізінде шоғырлануын жалғастырды.
Осы арада АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио ұзақ уақыттан бері АҚШ-тың қарсыласы болып саналатын Кубаның «жағдайы қиын» екенін ескертті.
Трамп “Truth Social” желісіндегі жазбасында бюджеттік шығындардың артуы АҚШ-тың әскери әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтты.
«Бұл бізге көптен бері лайық болған “арманымыздағы әскерді” құруға және ең бастысы, қарсыластарға қарамастан өз қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге жол ашады», – деп жазды Трамп.