ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркияның Шырнак қаласында "TEKNOFEST" дрон жарысы басталды
Оңтүстік-шығыс уалаятынан биылғы технологиялық жарыстарға шамамен 18,000 жас адам өтініш берді.
Түркияның Шырнак қаласында "TEKNOFEST" дрон жарысы басталды
Түркияның Шырнак қаласында "TEKNOFEST" дрон жарысы басталды / Anadolu Agency

Түркияның жетекші авиация, ғарыш және технология фестивалі “TEKNOFEST” оңтүстік-шығыстағы Шырнак уалаятында дрон жарысын бастады. Жарыс аймақтағы жас қатысушылар мен технология әуесқойларының басын қосуда.

Биыл Шырнактан 18 000-ға жуық адам өтінім беріп, бұл уалаят қатысу көрсеткіші бойынша ел көлемінде алғашқы ондыққа енді.

“TEKNOFEST” сондай-ақ биылғы жарыстарға 1,6 миллион адам мен 730 000 команданың тіркелуімен жаңа рекорд орнатты.

Командалар жалпы 54 бағыт бойынша бақ сынауда, жалпы жүлде қоры 75 миллион түрік лирасынан (1,5 миллион доллар) асады және қатысушыларға 2 миллион доллардан астам қаржылай қолдау көрсетіледі.

Шырнактағы технологиялық серпіліс

“TEKNOFEST” Директорлар кеңесінің және “T3” қорының төрағасы Селчук Байрактар шараға қатысып, Шырнактың Түркияның ұшқышсыз ұшу аппараттары технологияларын дамытудағы рөлін баса айтты.

Байрактар Түркияның алғашқы ұшқышсыз ұшу аппаратының алғашқы дайындықтары 2006 жылы осы уалаятта басталғанын, сондай-ақ Шырнактың соңғы жиырма жылда аймақта терроризм аяқталғаннан кейін технологиялық қайта өрлеуді бастан кешіргенін мәлімдеді.

«18 000-ға жуық жас жеткіншегіміз технологиялық жарыстарға өтінім берді және Шырнак өтінім саны бойынша ел көлемінде алғашқы 10 уалаяттың қатарынан көрінді; 22 жартылай финалист команда шығарып, халық санына шаққанда үлкен жетістікке жетті», — деді ол.

Жарыс “TEKNOFEST-тің” оңтүстік-шығыс кезеңінің алғашқы шарасы болып табылады.

“TEKNOFEST” Оңтүстік-Шығыс аймақтық шаралармен жалғасып, қазан айының басында Шанлыурфада мәресіне жетеді.

Ұйымдастырушылар сондай-ақ осы айдың соңында Түркияның солтүстік-батысындағы Гөлжүк кеме жасау зауытында озық теңіз технологиялары шеруі болатын “TEKNOFEST Көгілдір Отан” теңіз шарасын өткізеді.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады