ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған Түрік Қызыл Жарты ай қоғамының құрылған күніне орай құттықтау жариялады
Ердоған: «Қиын жағдайларға қарамастан мұқтаж жандар мен зардап шеккендерге қолдау көрсетіп, барлық көмекке зәру адамның жанынан табылатын Түрік Қызыл Жарты ай қоғамы соғыс пен табиғи апаттарды еңсеруге көмектесіп, адамзатқа үміт сыйлап келеді».
Президент Ердоған Түрік Қызыл Жарты ай қоғамының құрылған күніне орай құттықтау жариялады
Президент Режеп Тайып Ердоған

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түрік Қызыл Жарты ай қоғамының 158 жылдығына орай құттықтау жариялады.

Ердоған құттықтауында: «Қайырымдылық, мейірім, жанашырлық және ынтымақ сияқты асыл қасиеттеріміздің символына айналған Түрік Қызыл Жарты ай қоғамы  – қызметі арқылы осы саладағы әлемнің беделді ұйымдарының бірі», -  деді.

Қиын жағдайларға қарамастан мұқтаж жандар мен зардап шеккендерге көмек көрсетіп келе жатқан ұйым соғыс пен табиғи апаттардың салдарын еңсеруге үлес қосып, адамзат үшін үмітке айналып отырғанын атап өткен президент: «Алдағы уақытта да елімізді лайықты деңгейде танытатынына сенімдімін. Түрік Қызыл Жарты ай қоғамының бейбітшілікке, тыныштыққа, бауырластық пен достыққа қызмет ететін күш-қуаты халқымыздың қолдауынан бастау алатынын тағы да еске саламын. Құрылған күніне орай барлық еріктіге шынайы ықыласымды білдіріп, ардақты халқымызды осы игі ұйымды қолдауға шақырамын»,- деді.

Іздеу
НАТО-ның Анкара саммитінің декларациясы жарияланды
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Венгрия Украинаға қару-жарақ немесе әскер жібермейді
Мицотакис Анкарада "қатынастарды дамыту" туралы хабарлама жасады
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Кремль: "Біз Анкарадағы НАТО саммитін мұқият қадағалап отырмыз"
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті