ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Грекия Сыртқы істер министрі Сербияны қолдады
Грекия Сыртқы істер министрі Йоргос Герапетритис Сербияның Еуропалық одаққа мүшелікке өту үдерісін қолдайтынын мәлімдеді.
Грекия Сыртқы істер министрі Сербияны қолдады
Грекия Сыртқы істер министрі Сербияны қолдады

Сербия астанасы Белградқа ресми сапармен барған Герапетритис сербиялық әріптесі Марко Джуричпен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Ол Сербиямен ынтымақтастық пен диалогтың одан әрі нығая түсетінін атап өтіп, «Грекия Сербияның тұрақтылығы мен өркендеуі үшін Еуропалық одаққа мүше болуын қолдайды. Кеңею саясаты ЕО үшін басым бағыттардың бірі болуы керек деп ойлаймыз», – деді.

Герапетритис сондай-ақ Грекияның ЕО араағайындығымен жүргізіліп жатқан Белград–Приштина диалог үдерісін қолдайтынын атап өтіп, әріптесімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылағанын жеткізді.

Ол БҰҰ-ның Ливандағы уақытша бітімгерлік күштері құрамында қызмет атқарған сербиялық әскери қызметкердің қаза табуына байланысты көңіл айтып, «Бұл оқиғаны айыптаймыз және мәселені дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін тағы да атап өтеміз», – деді.

Герапетритис батыстағы Балқан елдерінсіз Еуропаны елестету мүмкін емес екенін жеткізді.

Сербия Сыртқы істер министрі Марко Джурич Грекияға Сербияның Еуропалық одаққа мүшелікке өту үдерісіне көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, «Соңғы 12 айда екі ел арасындағы сауда айналымы 2,2 миллиард еуродан асты. Экономикалық байланыстарымыз өте жақсы деңгейде. Грекия – серб туристер ең көп баратын елдердің бірі», – деді.

Сербия президенті Александр Вучич Герапетритиспен кездескеннен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында екі ел арасындағы ынтымақтастықтың алдағы уақытта да қарқынды түрде жалғасатынын жазды.

Іздеу
АҚШ Иранның Чабахар портындағы бақылау мұнарасына соққы берді
АҚШ Иранға қарсы алты күндік шабуыл операциясының аяқталғанын мәлімдеді
Тоқаев: «Қазақстан Қытайды Еуропамен байланыстыратын негізгі логистикалық орталыққа айналуы керек»
Кремль: «Украина мәселесіне қатысты келіссөздерді Түркияның араағайындығымен бастауға дайынбыз»
15 шілдеден кейінгі энергетикалық саясат
Украина Сыртқы істер министрі: «Атысты тоқтатуға дайынбыз»
Израиль шабуылдарынан төрт палестиналық қаза тапты
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына байланысты ескерту жасады
Израильге әскери көмекті тоқтату туралы заң жобасы қабылданбады
Волейболдан Түркияның ерлер құрамасы Ұлттар лигасында алтыншы рет жеңіске жетті
«Біз Еуропалық одақтың толыққанды мүшесі болуға лайықпыз»
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Қазақстан БҰҰ Бітімгершілік күштері аясында Ливанға әскер жіберді