Түркия ДАИШ-тың лаңкестік шабуылын айыптады

Сыртқы істер министрлігі терроризммен күресті жалғастыратынын мәлімдеп, көңіл айтты.

By
Түркия ДАИШ-тың шабуылын айыптады / AA

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сирияда сириялық және АҚШ күштерін нысанаға алған ДАИШ лаңкесінің ұйымдастырған террорлық шабуылын қатаң айыптады.

Министрлік мәлімдемесінде: «Сирияның Пальмира қаласы маңында патрульдік қызмет атқарып жүрген Сирия мен АҚШ бөлімшелеріне қарсы жасалған террорлық шабуылды айыптаймыз. Шабуыл салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына, сондай-ақ ДАИШ-ке қарсы күрестегі халықаралық серіктестеріміз Сирия және АҚШ үкіметтеріне көңіл айтамыз. Сирия Үкіметінің елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға, терроризммен күресуге бағытталған күш-жігерін қолдауды жалғастырамыз”, - деді.

Еске сала кетейік, сенбі күні таңертең ДАИШ-ке қатысы бар қарулы лаңкестік шабуылы салдарынан екі АҚШ әскери қызметкері мен бір азамат қаза тауып, тағы үш адам жараланған еді.