САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израиль оппозициясы Нетаньяхудың ісі «саяси және стратегиялық сәтсіздік» деді
Израиль үкіметі АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітімді қолдайтынын жариялады, ал оппозиция лидері Лапид премьер-министр Беньямин Нетаньяхуды саяси және стратегиялық тұрғыдан сәтсіздікке ұшырады деп айыптады.
Израиль оппозициясы Нетаньяхудың ісі «саяси және стратегиялық сәтсіздік» деді
Израиль оппозициясы Нетаньяхудың ісі «саяси және стратегиялық сәтсіздік» деді / Reuters

Израиль оппозициясының лидері Яир Лапид сәрсенбі күні АҚШ пен Иран арасындағы уақытша атысты тоқтату келісімін қолдағаны үшін Нетаньяхуды қатаң сынап, бұл жағдайды «саяси және стратегиялық сәтсіздік» деп атады.

Лапид “Х” желісіндегі мәлімдемесінде: «Біз тарихымызда мұндай үлкен саяси апатты көрген емеспіз. Ұлттық қауіпсіздігіміздің өзегіне қатысты шешімдер қабылданғанда, Израиль ол жерде тіпті болған да жоқ», — деген пікір білдірді.

Лапид Нетаньяхудың «тәкаппарлығы, салғырттығы және стратегиялық жоспарлаудың жоқтығы» салдарынан келген зардапты жою үшін жылдар қажет болуы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ ол армия мен халық өз міндетін атқарғанымен, үкіметтің мақсаттарына жетуде қауқарсыз болғанын баса көрсетті.

Лапид өз жазбасында: «Армия өзінен талап етілгеннің бәрін орындады, ал халық ерекше төзімділік танытты. Алайда Нетаньяху саяси және стратегиялық тұрғыдан жеңіліске қалып, өзі белгілеген ешбір мақсатқа жете алмады», — деді.

Бұл мәлімдеме Нетаньяху кеңсесінің АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы әскери шабуылдарды екі аптаға тоқтата тұру туралы шешімін қолдайтынын жариялағаннан кейін жасалды. Дегенмен Нетаньяхудың кеңсесі бұл екі апталық бітімнің «Ливанды қамтымайтынын» алға тартты.

Еске сала кетсек, Трамп сейсенбі күні Иранды бомбалау мен шабуылдарды «екі аптаға тоқтата тұру» туралы келісімге келгендерін хабарлаған болатын.

Іздеу
Ішкі істер министрі Чифтчи 19 мамырдың тарихи маңызына тоқталды
Иран Ормуз бұғазын басқару үшін жаңа орган құрды
Түркия Қырым татарлары мен черкес халқының қасіретін еске алды
Батыс Шерияда палестиналықтарға өлім жазасын қарастыратын заң күшіне енді
Пәкістанда жарылыс болды
Эрджиес шаңғы орталығы биылғы маусымда 3 миллион 300 мың турист қабылдады
Израиль Ирак аумағында екі құпия әскери база құрған
АҚШ өкілі Сирияны бүкіл өңір үшін «үміт» деп атады
Хакан Фидан мен Аббас Аракчи АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздерді талқылады
Израиль Газада азық-түлік тарату пунктін бомбалап, тағы 4 палестиналықты өлтірді
Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бес лауазымды тұлғасына ордер шығарды
Президент Ердоған Халықаралық отбасы күніне орай құттықтау жолдады
Президент Ердоған: “Еуразиядағы бейбітшіліктің кілті: Түркі әлемі”
Хакан Фидан Түркі Мемлекеттері Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысады
Президент Ердоған ұлттық спортшыларды құттықтады