ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
2 ... минут оқылды
Шай жүрекке пайдалы
Мамандар шайды ауыз бен тамақты күйдіретіндей ыстық күйінде ішпеуге, мүмкіндігінше қант қоспауға және күнделікті кофеин мөлшерін бақылауға кеңес береді.
Шай жүрекке пайдалы
Шай жүрекке пайдалы

Зерттеушілер шайды ішу жиілігімен қатар оның түрі, қаншалықты қою демделгені және ішу кезіндегі температурасы да маңызды екенін атап өтті.

Зерттеуге 485 мыңнан астам адам қатысты

«Journal of Internal Medicine» журналында жарияланған зерттеу барысында Қытайда тұратын 30 бен 79 жас аралығындағы 485 мыңнан астам адамның деректері талданды. Шамамен 9 жылға созылған бақылау кезінде жүрек-қан тамырлары ауруларына қатысты 14 мың 800-ден астам жағдай тіркелді.

Аптасына кемінде үш күн шай ішетін адамдарда шайды сирек тұтынатындармен салыстырғанда қан тамырлары ауруларының қаупі шамамен 11 пайыз төмен екені анықталды.

Алайда бұл бақылауға негізделген зерттеу болғандықтан, ауру қаупінің төмендеуіне тікелей шайдың әсері дәлелденген жоқ.

Қара шайдың пайдасы басым болды

Зерттеу нәтижесінде қара шай ішу көк шайға қарағанда жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупінің төмендігімен көбірек байланысты екені анықталды. Сондай-ақ орташа қоюлықта демделген шай ішетін адамдарда да бұл аурулардың пайда болу қаупі төменірек болатыны байқалды.

Алайда шайды өте ыстық күйінде ішетін адамдарда қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупі шайды тұрақты ішпейтіндерге қарағанда 16 пайыз жоғары болған.

Мамандар шайдың температурасына қатысты мәліметтер қатысушылардың өз жауаптарына негізделгендіктен, бұл нәтижені сақтықпен бағалау қажеттігін атап өтті.

Күніне 6–8 стақан шай ішу керек пе?

Зерттеу нәтижесінде аптасына кемінде бір рет шай ішетіндердің арасында күніне шамамен 6–8 стақан шай тұтынатын адамдардың ауруға шалдығу қаупі төмен екені болжанды. 

Алайда зерттеушілер бұл мөлшерді барлығына бірдей ұсынылатын күнделікті норма деп қабылдауға болмайтынын ескертті. Өйткені стақандардың көлемі бірдей емес, ал шай тұтыну мөлшері туралы деректер қатысушылардың өз мәліметтеріне сүйеніп жиналған.

Мамандар шайды ауыз бен тамақты күйдіретіндей ыстық күйінде ішпеуге, мүмкіндігінше қантсыз тұтынуға және күнделікті кофеин мөлшерін қадағалауға кеңес береді.

Сондай-ақ жүрек саулығын сақтау үшін темекі шекпеу, дене белсенділігін арттыру және дұрыс тамақтану маңызды екенін атап өтті.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті