ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
2016 жылғы 15 шілдедегі сәтсіз төңкеріс әрекеті барысында әшкереленген "Bylock-тағы" иерархия
"Bylock" - Фетуллахшы Террор Ұйымының мүшелері төңкеріс әрекеті мен басқа да жоспарлары үшін пайдаланған негізгі шифрланған байланыс желісі. Ұйым барлық құпия әрекеттері үшін осы хабар алмасу қолданбасын пайдаланып хабарласатын.
2016 жылғы 15 шілдедегі сәтсіз төңкеріс әрекеті барысында әшкереленген "Bylock-тағы" иерархия
2016 жылғы 15 шілдедегі сәтсіз төңкеріс әрекеті барысында әшкереленген "Bylock-тағы" иерархия

Жедел хабар алмасу қолданбасы — Bylock.

Бүкіл Түркия бұл бағдарлама туралы алғаш рет 2016 жылдың 15 шілдесіндегі сәтсіз төңкеріс әрекеті кезінде білді.

Фетуллахшы Террор Ұйымы (ФЕТО/FETÖ) мүшелерінің бұл қолданбаны төңкеріс әрекеті мен өзге де астыртын жоспарлары үшін негізгі шифрланған байланыс желісі ретінде пайдаланғаны анықталды.

Ұйым өзінің барлық құпия іс-әрекеттерін осы хабарлама алмасу бағдарламасы арқылы үйлестіріп отырған. Қауіпсіздік құрылымдарынан алынған мәліметтерге қарағанда, “Bylock” желісі әшкереленгеннен кейін ең қатты назар аударған жайт — қолданба ішінде ФЕТО мүшелеріне берілген ID (сәйкестендіру) нөмірлері болды. Ұйым мүшелерінің бұл бағдарламада өз есімдерімен емес, өздеріне арнайы тағайындалған нөмірлермен тіркелгені белгілі болды. Бірден басталған бұл ID нөмірлері жеке тұлғалардың ұйым ішіндегі маңыздылығы мен лауазымдық дәрежесін көрсеткен. Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүйедегі жалпы ID санының 215 мыңнан асқаны анықталды.

ФЕТО-ның ең сенімділері алғашқы мыңдықта

Bylock ID нөмірлеріне талдау жасалғанда, бұл қолданбаның алғашқы кезде тек «құпия топтар», ұйымның жоғары лауазымды тұлғалары мен ең маңызды есімдері арасында ғана қолданылғаны байқалды. Ұйым Bylock-ты қатардағы мүшелерінің пайдалануына әлдеқайда кейінірек рұқсат берген.

ID нөмірлерін саралау барысында алғашқы жүздіктің ішінен көрінген тұлғалардың бірі — Ұлттық Барлау қызметіне қарсы астыртын қастандық ісі бойынша сотталған, қазіргі уақытта қамауда отырған бұрынғы полиция бастығы, ФЕТО мүшесі Ерол Демирхан болып шықты. Демирханның ID нөмірі — 27.

Демирханнан кейінгі кезекте 28-ші ID нөмірімен Анкара полициясы бастығының бұрынғы орынбасары, ФЕТО мүшесі Огуз Киремитчи тұр.

Алғашқы жүздіктің ішіндегі тағы бір назар аударарлық есім — Серкан Шахан. ID нөмірі 40-шы болып тіркелген Шахан — армян журналисі Грант Динк қастандығы ісі бойынша айыпталушылардың бірі.

43-ші ID нөмірінің иесі — Дженгиз Өзкан. Өзкан — Ресей елшісі Карловқа жасалған қастандықты ұйымдастырушы Джемал Караатаның тікелей басшысы болған тұлға.

Тағы бір белгілі есім — ФЕТО-ның АҚШ-тағы жауапты жетекшісі (имамы) Мехмет Яша.

49-шы ID нөміріне ие Мехмет Яша — ФЕТО мүшелерінің 30 миллион доллар көлеміндегі қаржысын «Atlanta Star Chain» деп аталатын компания арқылы жымқыру әрекетінің басты кейіпкерлерінің бірі.

Джевхери Гювен де маңызды ID нөмірлерінің қатарында

Bylock ID нөмірлері ұйым ішіндегі «ықпал ету» дәрежесін өте нақты айқындап береді.

ФЕТО ұйымына адалдығымен танылған, қазіргі уақытта қашып жүрген журналист Джевхери Гювен де солардың қатарынан табылды. Гювен алғашқы мыңдықтың ішіне кірмесе де, ұйымға мүше журналистер арасында бірінші орынға жайғасқан.

ФЕТО-ның «Геббельсі» деген лақап атпен де белгілі Гювеннің ID нөмірі — 3320. Bylock-тағы бұл ID нөмірі қашқын журналист Гювеннің ФЕТО құрамындағы өзге журналистермен салыстырғанда ұйым үшін қаншалықты маңызды әрі құнды тұлға болғанын айқын көрсетеді.

Іздеу
Папа 14. Лео Израильдің палестиналықтарға қатысты зорлық-зомбылығын тоқтатуға шақырды
Эбола індеті Конго Демократиялық Республикасындағы ең қауіпті індетке айналды
Украинаның зымыран шабуылында Белгород облысында 6 адам қаза тапты
Түркияның қыздар волейбол құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Трамп Мекке бірлескен қорғаныс келісіміне қол қойылғанына өте қуанышты екенін мәлімдеді
Түркия Пәкістанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мәрмәр теңізі аймағындағы жер сілкінісінде қаза тапқандар Яловада еске алынды
Белсенділер Израиль қоршауындағы отбасыларға қажетті заттарды жеткізіп үлгерді
Министр Фидан Мысырға жасаған сапары туралы мәлімдеме жариялады
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
Президент Ердоған: «Мүмкіндіктерге назар аударып, жолымызды табандылықпен жалғастырып келеміз»
Ұлттық Қорғаныс министрлігі Бейбітшілік операциясының 52 жылдығын атап өтті
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты