Түркия экономикасы үшінші тоқсанда 3.7 пайызға өсті
Түркияның статистика институтының мәліметтері бойынша, шілде-қыркүйек айларындағы ЖІӨ 409,6 миллиард долларды құрады.
Дүйсенбі күні жарияланған Түркия статистика институтының деректері Түркия экономикасының осы жылдың үшінші тоқсанында жылдық есеппен 3,7% өскенін көрсетті.
Ағымдағы бағалармен есептелген жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) шілде–қыркүйек кезеңінде 41,6% артып, 17,42 триллион түрік лирасына (409,6 млрд доллар) жетті.
Түркия экономикасы 2025 жылдың екінші тоқсанында жылдық есеппен 4,9%, бірінші тоқсанда 2,5% артқан болатын.
Өткен апта Анадолы агенттігі жүргізген сауалнамаға қатысқан экономистер елдің үшінші тоқсандағы ЖІӨ өсімін 3,97% болады деп болжаған болатын.
Экономистердің жылдық болжамы бойынша Түркия экономикасы биыл 3,49% өсуі мүмкін.
ЖІӨ тоқсандық есеп бойынша шілде-қыркүйек кезеңінде 1,1% артқан, ал алдыңғы тоқсанда бұл өсім 1,6% болған.