Пәкістанда 25 адам жараланды

Соңғы шабуылдар Хайбер-Пахтунхва провинциясында төрт полиция қызметкері қаза тапқан оқиғадан бір күн кейін болды.

By
(МҰРАҒАТ) Қауіпсіздік қызметкерлері мен құтқарушылар Белуджистанның Кветта қаласындағы полиция бөлімшесінің сыртындағы бомба жарылысы орнында тұр. / Reuters

Билік өкілдерінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белужистан провинциясында болған жарылыс салдарынан кемінде бір адам қаза тауып, 16 адам жараланған.

Жарылыс Панжгур ауданында тіркелді. Аймақтағы полиция бақылау орталығында қызмет ететін бір лауазымды тұлға қолдан жасалған жарылғыш құрылғы іске қосылған болуы мүмкін екенін айтты.

Полиция мен қауіпсіздік күштері аумақты жедел түрде қоршауға алып, айғақ жинау мақсатында операция бастады.

Жергілікті “Geo News” телеарнасының хабарлауынша, дүйсенбі күні болған тағы бір жарылыс Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясының Лакки-Марват ауданында тіркелген. Онда цемент зауытына тиесілі көлікті нысанаға алған қолдан жасалған жарылғыш құрылғы іске қосылып, бір адам қаза тауып, тоғыз адам жараланған.

Шабуылдар үшін әзірге ешбір ұйым жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.

Соңғы жылдары Пәкістанда, әсіресе Хайбер-Пахтунхва мен Белужистан провинцияларында террорлық шабуыл саны артты.