ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Хорватияда Түркияның өрт сөндіру ұшағы құлады
Оқиғаға дейін Түркия Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі Хорватияда Түркия Орман шаруашылығы бас басқармасына тиесілі өрт сөндіру ұшағымен байланыс үзіліп қалғанын хабарлаған болатын.
Хорватияда Түркияның өрт сөндіру ұшағы құлады
Хорватияда Түркияның өрт сөндіру ұшағы құлады / AA

Түркия Ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибраһим Юмаклы Хорватияда жоғалып кеткен Орман шаруашылығы бас басқармасына тиесілі өрт сөндіру ұшағының қалдығы табылғанын, ал ұшқыштың шейіт болғанын мәлімдеді.

Министр бейсенбі күні түрік әлеуметтік желі платформасы «Nsosyal»-да: «Радиобайланысы үзілген Орман шаруашылығы бас басқармасына тиесілі өрт сөндіру ұшағының қирандылары Хорватияның Сень қаласы маңынан табылды. Осы қайғылы апатта шейіт болған ұшқышымызға Алладан рақмет, отбасы мен жақындарына сабыр тілеймін»,- деп жазды.

Бұған дейін Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі Хорватияда Түркия Орман шаруашылығы бас басқармасына тиесілі өрт сөндіру ұшағымен радиобайланыс үзілгенін хабарлаған болатын.

Министрліктің мәлімдемесінде төмендегідей ақпарат берілді: «Орман шаруашылығы бас басқармасына тиесілі екі «AT802» өрт сөндіру ұшағы 12 қараша, сәрсенбі күні сағат 10:24-те Чанаккаледен Хорватияның Загреб қаласына техникалық қызмет көрсету үшін ұшты. Ауа райының нашарлауына байланысты екі ұшақ та түнді Хорватиядағы Риекa әуежайында өткізді. 2025 жылдың 13 қарашасы, бейсенбі күні сағат 17:38-де екі ұшақ Загреб әуежайына қарай қайта ұшты, алайда қолайсыз ауа райы салдарынан кері қайтуға мәжбүр болды. Кері қайту кезінде ұшақтардың бірі Риекa әуежайына қауіпсіз қонды, ал екіншісімен сағат 18:25-те радиобайланыс үзілді».

 

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды