Чилиде президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді
Оңшыл популист Хосе Антонио Каст пен солшыл Жаннетте Хара желтоқсанда президенттік сайлаудың екінші кезеңінде бақ сынайды.
Бұрынғы еңбек министрі, солшыл Жаннетте Хара мен аса оңшыл лидер Хосе Антонио Касттың президенттік сайыстағы алдын-ала нәтижелері олардың желтоқсандағы екінші кезеңге шығатынын көрсетті.
Дауыстардың 52,39 пайызы саналған сәтте сегіз партиялық коалиция атынан жарысқан 51 жастағы коммунист Хара 26,58 пайызбен алда тұр. Жексенбіде жарияланған “Servel” сайлау органының дерегінше, Каст 24,32 пайыз жинаған. Ал аса оңшыл депутат Йоханнес Кайзер жеңілгенін мойындады.
Кайзер келесі айдағы екінші турда өзі сияқты оңшыл Кастты қолдайтынын мәлімдеді.
Президент Габриэль Борич те үкімет қолдаған солшыл кандидат Хара мен Касттың желтоқсандағы екінші турға өтетінін көп ұзамай растады.