САЯСАТ
2 минут оқылды
Австралия мен Индонезия қауіпсіздік келісіміне қол қойды
Австралия мен Индонезия Азия-Тынық мұхиты аймағындағы өсіп келе жатқан шиеленістерге жауап ретінде жаңа қауіпсіздік келісіміне қол қойды.
Австралия мен Индонезия қауіпсіздік келісіміне қол қойды
Индонезия президенті Субианто мен Австралия премьері Албанезе 2025 жылғы 12 қарашада Сиднейде баспасөз мәслихатын өткізді. / Reuters
12 Қараша 2025

Сәрсенбі күні Сиднейде өткен келіссөздерден кейін Австралия мен Индонезия әскери ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жаңа қауіпсіздік келісімін жасауға келісті.

Канберра ұзақ уақыт бойы одақтасы болып келген Вашингтонмен қатынасын нығайтып, аймақта Қытайдың күшейіп келе жатқан ықпалына қарсы тұру үшін әскери қуатын арттыруда.

Австралия премьер-министрі Энтони Албанезе Сиднейдегі Австралия Корольдік теңіз флоты базасында Индонезия президенті Прабово Субиантомен кездесуде: «Біз ортақ қауіпсіздігімізге қатысты екіжақты келісім бойынша келіссөздерді жаңа ғана аяқтадық», - деді.

Ол бұл келісімнің екі елдің «бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің ең жақсы жолы — бірлесіп әрекет ету екенін мойындайтынын» атап өтті.

Албанезе жаңа келісімге қол қою үшін келесі жылы Индонезияға баруға ниетті екенін жеткізді.

Премьер-министрдің айтуынша, бұл жаңа келісім 2024 жылы жасалған екіжақты қорғаныс пактіне негізделген. Ол құжатта Азия-Тынық мұхитының даулы аймақтарында тығыз ынтымақтастық орнату және екі ел әскерлерінің бір-бірінің аумағында бірлескен операциялар жүргізу мүмкіндігі қарастырылған.

2024 жылғы келісімге қол қойылғаннан бірнеше ай өткен соң мыңдаған индонезиялық және австралиялық сарбаз Шығыс Явада бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізген еді.

Албанезенің айтуынша, жаңа келісім аясында Австралия мен Индонезия қауіпсіздік мәселелерін тұрақты түрде жоғары деңгейде талқылауға, өзара тиімді қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруға және егер бір немесе екі елдің қауіпсіздігіне қатер төнсе, жеке немесе бірлескен жауап шараларын қарастыруға уағдаласқан.

Прабово өз кезегінде бұл келісім екі елді «қорғаныс пен қауіпсіздік саласында тығыз ынтымақтастыққа» итермелейді деп мәлімдеді.

«Көршілерімізді таңдай алмаймыз... әсіресе біздің жағдайымызда. Жақсы көршілер қиын сәттерде бір-біріне көмек қолын созады», - деді ол.

Қытай мен АҚШ арасындағы бәсеке өршіп тұрған кезде Австралия Индонезиямен қатынасты нығайтуға мүдделі.

Іздеу
Түркия Конго мен Руанда арасындағы бейбітшілік келісімін құптайды
Сыртқы істер министрі Фидан Доха форумына қатысады
«IndiGo» 500 рейсті тоқтатты
Вьетнамдағы су тасқынынан кейін ондаған көшкін болды
Израиль 2026 жылғы қорғаныс бюджетін 34 миллиард долларға дейін көтерді
Түркия халықаралық қауымдастықты әрекет етуге шақырды
Түркияның қорғаныс және авиация өнеркәсібінің экспорты 11 айда рекорд жаңартты
Әзербайжан Ұлыбританиямен қорғаныс байланысында жаңа парақ ашты
Нетаньяху өзінің әскери хатшысы Роман Гоффманды Моссад директоры етіп тағайындады
Анкарада “Халықаралық Көне Түркі Тілі Симпозиумы” басталды
Израиль Хамас қайтарған мәйіттің тайландтық тұтқынға тиесілі екенін мәлімдеді
Франция мен Қытай стратегиялық серіктестікті нығайтпақ
Германия ЕО-ны Ресей активтерін Украина үшін пайдалануға шақырды
Грек фермерлері Түркия-Грекия шекара өткелін жапты
“Ресей–Украина бейбіт келісімі Еуропаның болашағын да айқындайды”