Конгода 70 адам жоғалып кетті
120 адамды тасыған қайық суға батып, 70 адам жоғалып кетті.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, суға батқан қайықта шамамен 120 адам болған, олардың тек 50-ге жуығы құтқарылған.
Сәрсенбі күні жергілікті ақпарат құралдары Конго Демократиялық Республикасының орталығындағы Касаи провинциясында өзенде бір қайықтың аударылып, шамамен 70 адамныңжоғалып кеткенін хабарлады.
БҰҰ радиосының мәліметінше, қайық Бена Дибеле айлағынан 800 километрден астам қашықтағы астана Киншасаға бет алып бара жатқан.
Жергілікті әкім Франсуа Ахоканың мәлімдемелеріне сүйеніп, радио таратқан хабарда: «Қайықта шамамен 120 адам болды. Қазірге дейін 50-ге жуық адам құтқарылды, жоғалып кеткен адамдарды іздеу жұмыстары жалғасуда», - делінген.
Ахока құтқару топтары табылған мәйіттер мен құтқарылған жандардың жеке басын анықтау үшін отбасыларын жергілікті билікпен байланысқа шығуға шақырды.
Конго Демократиялық Республикасында автомобиль жолдарының көпшілігі жарамсыз, елдегі көлік қатынасы негізінен су жолдары арқылы жүзеге асады.