САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Қытай мен Оңтүстік Корея 15 жылдан кейін бірлескен теңіз жаттығуларын қайта жандандыруды талқылауда
Бейжің мен Сеулдің қорғаныс саласындағы ресми өкілдері осы аптада бірлескен теңіз іздестіру-құтқару жаттығуларын қайта бастау мәселесін талқылау үшін бас қосты.
Қытай мен Оңтүстік Корея 15 жылдан кейін бірлескен теңіз жаттығуларын қайта жандандыруды талқылауда
Қытай мен Оңтүстік Корея 15 жылдан кейін бірлескен теңіз жаттығуларын қайта жандандыруды талқылауда / AP
6 Ақпан 2026

«Yonhap» ақпарат агенттігінің жұма күнгі хабарына қарағанда, Қытай мен Оңтүстік Кореяның қорғаныс өкілдері 15 жылдық үзілістен кейін бірлескен теңіз іздестіру-құтқару (SAREX) жаттығуларын қайта бастау мүмкіндігін қарастырды.

Ресми өкілдер бейсенбі күні Бейжіңде үш жылдан астам уақыттан бері алғаш рет өткізілген 21-ші екіжақты қорғаныс саясаты жиынында кездесті. Қос тарап қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты қайта жандандыру талпыныстарын оң бағалады. Сондай-ақ стратегиялық диалог арналарын қалпына келтіру және қорғаныс ведомстволары арасындағы байланыс аясын кеңейту үшін тығыз жұмыс істеуге келісті.

“SAREX” жаттығулары бұған дейін 2005, 2007 және 2008 жылдары өткізілсе, соңғы жаттығу 2011 жылы ұйымдастырылған болатын.

Бұл кездесу қаңтар айының басында Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён мен Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин арасындағы саммиттен кейін екі елдің қарым-қатынасты жақсарту және шешімін күткен мәселелерді реттеу бағытындағы қадамдары аясында өтті.

Іздеу
Түркия Сыртқы істер министрі Ирандағы жағдайға байланысты бірқатар келіссөз өткізді
«Иран әділетсіз әрі заңсыз шабуылға ұшырады»
Президент Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды
Түрік әуе компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты
Иранға бағытталған шабуылдар басталғалы бері  АҚШ-тың 6 сарбазы қаза тапты
Иран Хормуз бұғазынан өтуге тырысқан кемелерге шабуыл жасалатынын ескертті
Әлем елдері өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауда
БҰҰ: «Израиль Газаға гуманитарлық көмекті тоқтатты»
Түркия мен Иран шекарасында шектеу
Израиль Ливанда 31 адамды өлтірді
Иран дағдарысы салдарынан мұнай бағасы артуы мүмкін
Иран Израильді атқылады: Бейт-Шемеште 9 адам қаза тапты
Али Лариджани: «Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді»
Кувейттегі АҚШ әуе базасының маңында әскери ұшақ құлады
Мьянма армиясы 10 мың тұтқынды рақымшылықпен босатты