Пәкістан армиясы 19 террористті залалсыздандырды
Пәкістан қауіпсіздік күштері терроризмге қарсы күрес аясында Хайбер-Пахтунхва уәлаятында өткізген арнайы шара кезінде 19 содырды залалсыздандырды. Операцияда жеті пәкістандық сарбаз қаза тапты.
«Dawn» газетінің хабарлауынша, Хайбер-Пахтунхва уәлаятында содырларға қарсы іздестіру және шабуыл операциясы кезінде кемінде жеті пәкістандық қауіпсіздік қызметкері қаза тауып, 13 қызметкер жараланды.
Жергілікті полиция өз бақылауындағы таулы аймақта содырлардың қауіпсіздік көліктеріне тосыннан шабуыл жасағанын, соның салдарынан қарулы қақтығыс басталып, бір әскердің жоғалып кеткенін мәлімдеді.
Жаралылар ауруханаға жеткізіліп, операция жалғасып жатқан өңірге полиция жасағы орналастырылды.
Қауіпсіздік күштері содырларға ауыр шығын келтіргенін атап өтті, бірақ нақты дерек жарияламады.
Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қауіпсіздік күштерін 19 содырды жойған табысты операциясымен құттықтап, сарбаздардың батылдығы мен кәсіби шеберлігін жоғары бағалады. Зардари: «Пәкістан терроризмді жоюға табанды», - деді.
Шариф сондай-ақ қауіпсіздік күштерінің Хайбер-Пахтунхваның Мохманд, Солтүстік Вазиристан және Банну аудандарындағы табысты операцияларын атап өтіп, терроризмге қарсы күрес ел толығымен терроризмнен тазартылғанға дейін жалғасатынын баса айтты.
Бұл оқиға бейсенбі күні Пәкістан армиясы таратқан елдің солтүстік-батысында соңғы екі күндегі басқа операциялар барысында 19 күдікті содырдың өлтірілгені туралы мәлімдемеден кейін болды.
Пәкістан соңғы жылдары қауіпсіздік күштеріне қарсы шабуылдардың артқанын, олардың артында Ауғанстанда орналасқан «Техрик-и Талибан Пәкістан» ұйымы тұрғанын мәлімдеген. Ал Кабул билігі бұл айыптауларды жоққа шығаруда.