ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Германия Түркияның Еуропа қауіпсіздігіндегі рөлін жоғары бағалады
Германияның Қорғаныс министрі Борис Писториус Берлиндегі кездесулерден кейін жасаған мәлімдемесінде Германияның Түркияны маңызды одақтас ретінде бағалайтынын және екіжақты қорғаныс ынтымақтастығын одан әрі күшейткісі келетінін айтты.
Германия Түркияның Еуропа қауіпсіздігіндегі рөлін жоғары бағалады
Германия Түркияның Еуропа қауіпсіздігіндегі рөлін жоғары бағалады / Reuters

Германия Қорғаныс министрі Борис Писториус сәрсенбі күні Берлинде Түркия Қорғаныс министрі Яшар Гүлермен өткен кездесуден кейін Түркияның Еуропа қауіпсіздігіне қосып отырған маңызды үлесін жоғары бағалады.

Министрлер Қорғаныс министрлігі ғимаратындағы кездесуде Украина мен Сириядағы соңғы жағдайды, екіжақты қорғаныс ынтымақтастығын және алдағы НАТО саммитіне дайындықты талқылады.

Писториус мәлімдемесінде «Германия Еуропа қауіпсіздігіне елеулі үлес қосып отырған Түркияны маңызды одақтас деп санайды. Түрік Қарулы күштері одақтың оңтүстік қанатының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай үлес қосуда», – деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Германия Түркияның ЕО құрамында болуын қалайды

Писториус НАТО серіктестері арасындағы ортақ мүдделерді атап өтіп, екіжақты қорғаныс ынтымақтастығын одақ шеңберінен тыс та одан әрі күшейту қажет екенін айтты.

Германия министрі «Германия мен Түркияның одақ аясында қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы тамыры терең байланыстары бар. Бұдан бөлек Анкарамен екіжақты ынтымақтастығымызды одан әрі нығайтқымыз келеді», – деді.

Мәлімдемеде министрлердің шілде айында Анкарада өтетін НАТО саммитінің мәселелерін де талқылағаны айтылды. Саммитте одақтың қауіп-қатерлерге қатысты жан-жақты ұстанымы қарастырылып, НАТО-ның әртүрлі  қауіпке дайындығы талқыланады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Германия Түркияны стратегиялық серіктес ретінде көреді

 

Іздеу
Пәкістанда жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 5 адам қаза тапты
Пашинян Әзербайжанмен бейбітшілік Арменияның тұрақтылығының негізін қалайтынын айтты
"Сирия дұрыс бағытта алға жылжуда"
Зеленский Ресейді айыптады
Норвегияда әскери жаттығу үшін жалға алынған көліктердің құпия ақпаратты жазып алғаны алға тартылды
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
Президент Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады
Иран Сауд Арабиясы мен хоуситтер арасындағы дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Украина: «Зеленский президент Ердоғанның дәнекерлігімен Путинмен кездесуі мүмкін»
АҚШ күштері Оман шығанағында жүк кемесін тоқтатты
БҰҰ-ның жаһандық кедейлік индексі алғаш рет өсті: 1,2 миллиард адам - кедей
Солтүстік Корея Жапон теңізі бағытында көптеген баллистикалық зымыран ұшырды
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді