ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Мария Мачадо Нобель Бейбітшілік сыйлығын Трампқа табыстады
Мария Корина Мачадо өзіне берілген Нобель Бейбітшілік сыйлығын Дональд Трампқа табыстағанын айтты. Алайда Нобель комитеті бұл сыйлықты басқаға беруге болмайтынын мәлімдеді. Яғни сыйлықты сыйлауға болады, бірақ Нобель лауреаты атағы берілмейді.
Мария Мачадо Нобель Бейбітшілік сыйлығын Трампқа табыстады
Мария Мачадо Нобель Бейбітшілік сыйлығын Трампқа табыстады / User Upload

Мария Корина Мачадо өзіне берілген Нобель Бейбітшілік сыйлығын Дональд Трампқа табыстағанын айтты. Алайда Нобель комитеті бұл сыйлықты басқаға беруге болмайтынын мәлімдеді. Яғни сыйлықты сыйлауға болады, бірақ Нобель лауреаты атағы берілмейді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Нобель Бейбітшілік сыйлығын венесуэлалық Мария Корина Мачадо иеленді

Венесуэлалық оппозиция жетекшісі Мария Корина Мачадо Ақ Үйдегі кездесуде АҚШ президенті Дональд Трампқа Нобель Бейбітшілік сыйлығын жеке өзі тапсырғанын айтты. Ол журналистерге «Мен Трампқа былай дедім: 200 жыл бұрын генерал Лафайет Симон Боливарға Джордж Вашингтон бейнеленген медаль табыстаған еді. Боливар сол медалді өмір бойы сақтады».

Мачадоның сөзінше, медаль Лафайет тарапынан АҚШ халқы мен Венесуэла халқының зорлық-зомбылыққа қарсы күрестегі бауырластығының нышаны ретінде берілген. «200 жылдан кейін Боливар халқы Джордж Вашингтонның мұрагеріне Нобельдің Бейбітшілік сыйлығын тапсырып отыр», - деді Мачадо.

Трамп 3 қаңтарда Николас Мадуро ұсталғаннан бері Мачадоны Венесуэла халқы қолдамағанын, Мачадоның орнына Мадуроның орынбасары Дельси Родригесті қолдайтынын мәлімдеген болатын. Мадуро билігін тоқтатуға жылдар бойы күш салған Мачадо Трамппен кездескеннен кейін Ақ Үй сыртында өзін қолдаушылармен жүздесті.  

ҚатыстыTRT Қазақ - Трамп президент Мадуро мен жұбайының Венесуэладан күштеп шығарылғанын мәлімдеді

Алайда Норвегия Нобель комитеті бұл сыйлықтың басқаға берілмейтінін ескертті. Комитет «X» платформасында «Нобель сыйлығы жарияланғаннан кейін оны кері қайтарып алу, өзге біреуге беру мүмкін емес. Шешім нақты, әрі мәңгілік күшке ие»,- деп мәлемдеді. Яғни медаль физикалық тұрғыда біреудің қолына өтуі мүмкін, бірақ Нобель лауреаты атағы ауыспайды.

 

Іздеу
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді