Заңгерлердің жаһандық альянсы Израиль және басқа да соғыс қылмыскерлерін соттайды
САЯСАТ
2 минут оқылды
Заңгерлердің жаһандық альянсы Израиль және басқа да соғыс қылмыскерлерін соттайдыЖаңа ғана құрылған жаһандық сарапшылар альянсы «Global 195» Израиль әскеріне қосылған немесе қоршаудағы Газа секторында соғыс қылмысын жсаған деп күдікке ілінген Израиль сарбаздары мен азаматтарын қудалауды көздейді.
20 Наурыз 2025

135 куәгердің мәлімдемелері мен ашық дереккөз барлауының (OSINT) қолдауымен Халықаралық заңгерлер мен ұйымдардың жаһандық коалициясы, алынған барлау мәліметтеріне сүйене отырып, Израильдің әскери басшыларына, төменгі деңгейдегі офицерлерге және қос азаматтығы бар тұлғаларға қарсы Газа аймағында жасалған соғыс қылмыстары үшін әлемдік соттарда іс қозғауды жоспарлап отыр.

Заңгерлер, саясаткерлер және ғалымдардан құралған Палестиналықтар үшін Әділет Халықаралық Орталығы (ICJP) атты тәуелсіз ұйым сейсенбі күні «Global 195» бастамасын іске қосқанын жариялады. Бұл альянс «соғыс қылмыстарына күдікті тұлғаларды қай жерде болмасын қудалау үшін ұлттық және халықаралық құқықтық механизмдерді пайдалануды қамтамасыз етеді».

Жан-жақты сот өкілеттігі және тұтқындау орлерлері

ICJP коалициясы бір уақытта бірнеше юрисдикцияларда жұмыс істеп, жеке тұтқындау ордерлерін қолдануға және қылмыстық істер қозғауға ниетті екенін мәлімдеді. Ұйымның айтуынша, бұл бастамаға  Малайзия, Түркия, Норвегия, Канада, Босния және Герцеговина, сондай-ақ Ұлыбритания сияқты елдер қолдау көрсетті.  «Global 195» халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің Газа аймағындағы палестиналықтарға қарсы жасалған соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстарды қудалаудағы кемшіліктерін жою үшін құрылған.

«Global 195»-тің ауқымы Израильдің әскери және саяси басшылығындағы тұлғаларды, жоғары деңгейдегі саясаткерлерден бастап операциялық қызметкерлерге дейін, халықаралық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартуды қамтиды.

Ұлыбританияда Израиль әскері қатарына қосылған немесе Газадағы қоршауда соғыс қылмыстарын жасаған деп күдікке іліккен британ азаматтарына қарсы заңды шаралар қолдануға дайындықтар жүргізілгені хабарланды.

Израильдің жазаланбауын тоқтату үшін бастама

ICJP-тің Ұлыбританиядағы директоры Тайаб Али былай деді: «Палестинадағы соғыс қылмыстарына жауапты тұлғаларды қудалауда халықаралық құқықтық институттардың кедергісі және ұлттық полиция күштерінің гуманитарлық құқық пен әмбебап юрисдикция қағидаттарын орындамауы Израильдің күдікті соғыс қылмыскерлерінің жазасыз қалуына мүмкіндік берді».

Халықаралық құқық бойынша мемлекеттер соғыс қылмыстарын тергеп, қудалауға міндетті, бірақ бұл міндеттер жиі еленбейді, деді Али. Ол «Global 195» бастамасының іске қосылуы «осы сәтсіздікті түзету үшін қажетті құқықтық араласу» екенін атап өтті.

Халықаралық құқықтың жұмыс істемей қалуы

Халықаралық заңгерлер қауымдастығының вице-президенті Хусейн Дишли Түркияда шағым беру арқылы Израильдің жазасыз қалуын жоюға бағытталған маңызды қадам ретінде «Global 195» бастамасын толық қолдайтынын мәлімдеді.

Малайзиялық адвокат Аванг Армадажая бин Аванг Махмуд ICJP Газадағы соғыс қылмыстары туралы мол дәлел жинағанын және өз елін «шағымда көрсетілген күдікті соғыс қылмыскерлерін тергеу және қудалау үшін қажетті құқықтық және дипломатиялық үйлестіруді күшейтуге» шақырды.

Іздеу
Кнессет өлім жазасы туралы заң жобасын  ілгерілетіп жатыр
Оккупацияланған Шығыс Иерусалим маңында жаңа заңсыз Израиль қонысы құрылды
Сирия президенті Халықаралық валюта қоры өкілдерімен кездесті
Түркия Сирия президенті мен Ішкі істер министрінің БҰҰ санкциялар тізімінен шығарылуын құптайды
БҰҰ Сирия президенті мен Ішкі істер министріне салынған санкцияларды алып тастады
ЕО Ресей азаматтарына көп мәртелік виза бермейтін болды
Трамп Орталық Азия елдерінің басшыларын қабылдайды
АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қарар жобасын ұсынды
Сеул Пхеньянның жетінші ядролық сынақ өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Нью-Йорктың жаңа мэрі- Зохран Мамдани
Нью-Йоркте тарихи сайлау жақындады
Перу Мексикамен дипломатиялық қатынастарын үзді
Дональд Трамп: «Мадуроның президенттік күндері санаулы»
Стамбулда Газа мәселеcіне байланысты кездесулер өтеді
Трамп Ресей мен Қытайдың жасырын түрде ядролық сынақ жүргізіп жатқанын мәлімдеді
Марк Карни Си Цзиньпинмен кездеседі
Мәскеудің Украинаға қатысты талаптары Трамп пен Путин саммитіне әсер етті ме?
Пәкістан мен Ауғанстан 6 қарашада Стамбулда келіссөздерді жалғастырады
АҚШ Тынық мұхитының шығысында кемеге соққы жасады
Нидерландта саяси бағыт өзгерді