САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Оңтүстік Корея мен Нидерланд келіссөз өткізді
Екі елдің Сыртқы істер және Сауда министрлері стратегиялық әріптестікті тереңдету мақсатында Сеулде 2+2 форматында келіссөз өткізді.
Оңтүстік Корея мен Нидерланд келіссөз өткізді
Оңтүстік Корея мен Нидерланд келіссөз өткізді / Reuters

«Yonhap» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея мен Нидерланд сауда, экономикалық қауіпсіздік және жаңа технология салаларында екіжақты ынтымақтастықты арттыру үшін Сыртқы істер және Сауда министрлерімен жоғары деңгейдегі 2+2 диалогының алғашқы отырысын өткізді.

Сәрсенбі күні Сеулде өткен кездесуге Оңтүстік Корея Сыртқы істер министрі Чо Юн мен Сауда министрі Ё Хан-ку, сондай-ақ Нидерланд Сыртқы істер министрі Давид ван Веел мен Сауда министрі Аукье де Врис қатысты.

Келіссөздерден кейін жарияланған бірлескен мәлімдемеде тараптар геоэкономикалық шиеленістердің артуы мен технологиялық өзгерістердің жеделдеуі жағдайында стратегиялық әріптестікті кеңейту қажеттігін атап өтті.

Екі ел жартылай өткізгіштер, маңызды минералдарды жеткізу тізбегі және жасанды интеллектіні әскери салада пайдалану сияқты негізгі бағыттарда ынтымақтастықты тереңдетуге келісті.

Тараптар сондай-ақ озық технологиялар экожүйесінде жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеуге, жартылай өткізгіштер мен кванттық технологиялар саласындағы бірлескен зерттеулерді дамытуға уағдаласты. 2022 жылы стратегиялық әріптестікті ресми түрде бекіткен Оңтүстік Корея мен Нидерланд сауда мен инновация салаларында ынтымақтастықты кеңейтіп келеді.

Сонымен қатар Италия Сыртқы істер министрінің орынбасары Мария Триподи Сеулде Оңтүстік Корея Сауда министрінің орынбасары Пак Чон-сонг және Климат жөніндегі вице-министр Ли Хо-хёнмен кездесіп, сауда, энергетика және озық өнеркәсіп саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр