Ливерпуль футбол жұлдызы Диогу Жота жол апатынан қаза тапты

Испанияның Азаматтық гвардиясы Жота мен ағасының батыстағы Самора қаласы маңында жолдан шығып кеткен көлікте қаза тапқанын растады.

/ Reuters

Полиция өкілдерінің хабарлауынша, Ливерпуль клубының және Португалия ұлттық құрамасының ойыншысы Диогу Жота мен ағасының Испанияның солтүстік-батысында болған жол апатында көз жұмды. Бұл қайғылы хабар футболшының үйленгенінен небәрі бірнеше апта өткен соң келді.

Азаматтық гвардия өкілдері Самора аймағының солтүстік-батысындағы Чернадилья муниципалитетінде бір автокөліктің тас жолдан шығып кетіп, апатқа ұшырағанын, салдарынан Жота мен ағасы Андре Фелипенің қайтыс болғанын растады.

Португалия премьер-министрі Луиш Монтеенегру: "Португалияның атын зор абыроймен танытқан спортшы Диогу Жота мен ағасының қазасы – күтпеген әрі қайғылы оқиға. Отбасына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл – футбол мен ұлттық және халықаралық спорт әлемі үшін ауыр күн", – деді.