ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия Инновация апталығында жасанды интеллект пен медиа талқыланды
Іс-шара аясында «Жасанды интеллект дәуіріндегі медиа» атты панель өтті.
Түркия Инновация апталығында жасанды интеллект пен медиа талқыланды
«Түркия Инновация апталығы 2025» жасанды интеллект трансформациясына арналды / AA

Түркия Экспорттаушылар мәжілісі ұйымдастырып,  “Анадолы агенттігі” ғаламдық коммуникация серіктесі болған және Сауда министрлігі қолдау көрсеткен “Түркия Инновация апталығы 2025” жалғасуда.

«Болашақ қазір» тақырыбымен Халич Конгресс орталығында өткен шара аясында «Жасанды интеллект дәуіріндегі медиа» атты панель өткізілді.

Панельдің модераторы жазушы Халил Ибрахим Изги болды, ал “Анадолы агенттігі” Бас директордың орынбасары әрі бас редакторы Юсуф Өзхан спикер ретінде қатысты.

Юсуф Өзхан жасанды интеллектті пайдаланушыларға қысқа жол көрсететін тіл үлгісі деп сипаттады.

Жасанды интеллекттің бүгінге дейін байқалған ең таңғаларлық технология екеніне назар аударған Өзхан оны өзге технологиялық серпілістермен салыстырғанда әлдеқайда қызықты деп бағалады.

«Бұл технологияның құрылысына үңілгенде әлі орнықпаған, өте тәжірибелік деңгейдегі технология екенін көреміз», – деген Өзхан жасанды интеллекттің журналистика тұрғысынан да пайдалы қырлары бар екенін айтты.

Ол жасанды интеллекттің «өнімі» пайдаланушылар екенін, ал компаниялардың нақты деректерді өздерінде сақтайтынын айтып, «Бұл компаниялардың барлығы нақты деректі сақтайды. Тіл үлгілері миллиондаған адамның жадынан асып түсетін мүмкіндіктер береді, миллиондаған адамның бір минутта істей алмайтын нәрселерін ұсына алады. Сол себепті біз де қазір тіл үлгілерімен жұмыс істеп жүрміз және бұл өте қызықты үдеріс»,- деді.

Журналистер қолданатын цифрлық дереккөздерге тоқталған Өзхан: «Бүгінгі таңда жаңа медиа мен цифрлық платформаларға жүгінбей журналистикада жұмыс істеу мүмкін емес. Біз жеті құрлықта қызмет атқаратын жаһандық ақпарат агенттігіміз, мыңдаған журналистпен үнемі байланыстамыз. Басты барлау көзі әлі де цифрлық платформалар болып қала береді, бірақ ең құнды ресурсымыз – тәжірибелі, кәсіби мансабы бар тілші», – деді.

Іздеу
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
Түркия Израильдің Сирия аумағындағы заңсыз әрекеттерін айыптады
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін