ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Пәкістанның Карачи қаласындағы бір сауда орталығында өрт шықты
Өрт сөндіру бастығы сауда орталығында шамамен 1 200 дүкен (киім, тұрмыстық техника, косметика) барын және бұл өрттің қатты өршуіне әсер еткенін айтты.
Пәкістанның Карачи қаласындағы бір сауда орталығында өрт шықты
Пәкістанның Карачи қаласындағы бір сауда орталығында өрт шықты / Reuters

Биліктің мәліметінше, Пәкістанның Карачи қаласындағы бір сауда орталығында шыққан ірі өрттен, кемінде алты адам қаза тапты. Оның бірі өрт сөндіруші. Көптеген адам жараланды.

Карачи муниципалитетінің өрт сөндіру қызметкері Хамайун Хан журналистерге өрт сенбі күні түнде MA Джинна жолындағы «Gul Plaza» сауда орталығында басталғанын, өрт сөндірушілер оны ауыздықтауға тырысқанын айтты.

Хан сауда орталығында шамамен 1 200 дүкен барын, олардың ішінде киім, тұрмыстық техника, косметика және қыш-құмыра сататын дүкендер де болғанын, бұл өрттің күшеюіне ықпал еткенін атап өтті. Ол «Әзірге оқиға орнынан бір өрт сөндірушіні қоса алғанда алты мәйіт шығарылды. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін топ қарқынды жұмыс істеп жатыр», - деді.

Қаза тапқандар санының кемінде алты екендігін жедел жәрдем мен гуманитарлық Эдхи қоры да растады.

Оқиға орнына барған Синд уәлаятының губернаторы Камран Тессори өрт сөндірушілердің өртті бақылауға алып, адамдарды құтқаруға тырысып жатқанын айтты. «Rescue 1122» мен өрт сөндірушілер ғимаратқа жайылған өртті бақылауға алуға әрекет жасап жатыр», - деді ол.

«Rescue 1122» өкілдері әртүрлі бөлім мен мекемелерден 20 өрт сөндіру көлігінің жұмылдырылғанын растады.

Іздеу
Түркия 2036 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер елдердің қатарында
Стамбул әуежайы көш бастап тұр
Ғалымдар Италияда әйелдер ұзақ өмір сүретін шағын ауылды анықтады
“ChatGPT” жасөспірімдер үшін қауіпті болуы мүмкін
ХАМАС Израильдің Камал Адван ауруханасына қатысты мәлімдемесін жоққа шығарды
Оңтүстік Корея банктері жасанды интеллект көмегімен жасалған кибершабуылға ұшырады
Эль-Ниньо әлемде табиғи апат қаупін арттыруы мүмкін
Француз және жапон ғалымдар химия Нобель сыйлығын алды
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Ердоған мен Путин телефон арқылы  Қаратеңіз қауіпсіздігі мен Ресей-Украина байланыстарын талқылады
Халықаралық валюта қорының басшысы жаһандық экономикаға төнген қауіпті атады
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды
Украинада адам шығыны артуда
Газа мен Батыс Шерияда 20 мыңнан астам оқушы қаза тапты
Ирак ұлттық валютасын девальвациялады