PKK/YPG лаңкестік тобы Сирияның солтүстігінде бейбіт тұрғындарды нысанаға алды
Сирия армиясы шабуылдан кейін PKK/YPG нысандарына шабуыл жасады.
“PKK/YPG лаңкестік тобы SDF атауымен әрекет етіп, Сирияның солтүстігіндегі бейбіт тұрғындар қоныстанған елді мекендерге шабуыл жасады”,-деп хабарлайды жергілікті БАҚ.
Сирияның “SANA” ақпарат агенттігінің мәліметінше, лаңкестік ұйым жексенбі күні Алеппоның Дейр Хафир аймағындағы Хумайма және Әл-Кейта ауылдарын нысанаға алған.
Сирия армиясы жауап ретінде PKK/YPG нысандарына шабуыл жасады.
10 наурызда Сирия Үкіметі SDF-ні мемлекеттік мекемелерге біріктіру туралы келісім жасалғанын жариялап, елдің аумақтық тұтастығын қолдайтынын және кез келген бөлінушілікке қарсы екенін атап өткен болатын. Алайда ұйым бұл келісімді бірнеше рет бұзды.
Өткен жылдың желтоқсан айында Башар Асадтың 24 жылдық билігі күйрегеннен кейін Сирия үкіметі қауіпсіздік шараларын күшейтті. Асад Ресейге қашып, 1963 жылдан бері билік еткен Баас партиясының дәуірі аяқталды. Қаңтар айында Ахмед Шара басқаратын уақытша үкімет қызметке кірісті.