ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Жоғары әскери кеңес жиналады
Түрік Қарулы Күштеріндегі шенді өсіру, тағайындау, отставкаға жіберу және қызмет мерзімін ұзартуға қатысты шешімдер қабылданады. Кеңес шешімдері президент бекіткеннен кейін жарияланады.
Жоғары әскери кеңес жиналады
Президент Реджеп Тайып Ердоған (AA)

Жоғары әскери кеңес президент Ердоғанның төрағалығымен Бештепеде жиналады.

Кейбір әскери қызметкерлердің шені өсіп, кейбіреулері жаңа қызметке тағайындалады. Генералдар, адмиралдар мен полковниктердің қызмет мерзімдеріне қатысты істер қаралады.

Жоғары әскери кеңес президент Реджеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен жиналады.

Бештепедегі жиын Жоғары әскери кеңес мүшелерінің Анытқабірді зиярат етуінен кейін басталады.

Президент Ердоғанның төрағалығымен өтетін жиынға Әділет министрі Акын Гүрлек, Ішкі істер министрі Мұстафа Чифтчи және Құрлық әскерлерінің қолбасшысы армия генералы Метин Токел алғаш рет қатысады.

Жоғары әскери кеңес жиынында полковник шенінен генерал және адмирал шеніне көтерілетін жеке құрам мен жоғары шенге өсетін генералдар мен адмиралдардың істері қаралады. Штаттың жетіспеушілігі мен жас шегіне байланысты отставкаға жіберілетін қызметкерлер анықталады. Шенді өсіру және отставкаға жіберу істерінен бөлек күш қолбасшылықтарында қызметтік өзгерістер де қаралады.

Жоғары әскери кеңестің шешімдері президент Ердоған бекіткеннен кейін жарияланады.

Іздеу
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді
АҚШ халқының 33 пайызы Трампты қолдайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме