МӘДЕНИЕТ
1 ... минут оқылды
"Түрік асханасы апталығы Түркияның өркениет мұрасын сақтайды"
Бурханеттин Дуран "Жыл сайынғы іс-шара Анадолы аспаздық мұрасын және дәстүрлерін әлемге насихаттайды" дейді.
"Түрік асханасы апталығы Түркияның өркениет  мұрасын сақтайды"
"Түрік асханасы апталығы Түркияның өркениет мұрасын сақтайды" / AA


Түркия Республикасы Президенті аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран Түрік асханасы апталығының мәдени маңыздылығына тоқталып, жыл сайын ұйымдастырылатын бұл іс-шараны Түркияның бай аспаздық және өркениеттік мұрасын сақтау ретінде сипаттады.

Дуран биыл бесінші рет «Бір дастархандағы мұра» тақырыбымен және Бірінші ханым Емине Ердоғанның қамқорлығымен ұйымдастырылған іс-шараның Анадолының дәстүрлі дәмдерін Түркияның ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан мәдени мұрасымен бірге таныстырып жатқанын айтты.

Дуран: «Бір ұлттың жады кейде бір халық әнінде, кейде бір дастарханның айналасына жиналған жүректерде өмір сүреді», – деді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түрік дастарқанының мәңгілік серігі – шайдың ғасырлық хикаясы

Дуран түрік асханасының да ғасырлар бойы тек тағам ғана емес, бөлісудің, берекенің, қонақжайлықтың және мәдениеттің ең әдемі тасымалдаушыларының бірі болғанын айтты.

Дуран сондай-ақ «Осы мағыналы көзқарасқа бастамашы болған Құрметті Бірінші ханымға, сондай-ақ осы құнды мұраны сақтап келе жатқан барлық аспазымызға, өндірушілерімізге, еңбек етіп, мәдениетімізді болашаққа жеткізіп жүрген барша жанға алғыс айтып, Түрік асханасы апталығымен шын жүректен құттықтаймын», – деді.