Украина мен Ресей шабуылдарын қайта бастады

Мәскеу мен Киев өткен аптада Пасха мерекесіне орай бітімді сақтауға келіскен болатын.

By
Украинаның Золочев қаласында Ресей дронмен соққы берген жерде төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеуде. / Reuters

Екі ел де дүйсенбіге қараған түні дрон шабуылдарын қайта бастағаны хабарланды.

Украина Әуе күштері Ресейдің 98 ұшқышсыз аппарат қолданғанын, ал әуе қорғанысы бөлімшелері олардың 87-сін атып түсіргенін мәлімдеді.

Украиналық билік өкілдері Днепропетровск облысында бір инфрақұрылым нысанына соққы берілгенін хабарлады.

Ал Ресей өз кезегінде «13 сәуірде кезекшіліктегі әуе қорғанысы күштері украиналық үлгідегі 33 ұшқышсыз аппаратты тойтарды» деп мәлімдеді.

Мәскеу мен Киев өткен аптада сенбі күні сағат 16:00-ден  жексенбі күнінің соңына дейін бітімді сақтауға келіскен болатын.

Украина әскері Ресей армиясы тарапынан 10 мыңнан астам бітімді бұзатын әрекет тіркелгенін, олардың басым бөлігі майдан шебіндегі қақтығыстар кезінде болғанын мәлімдеді.

Ресей Қорғаныс министрлігі Киевті бітімді шамамен 2000 рет бұзды деп айыптады.

Ақпанда бесінші жылына аяқ басқан бұл соғысқа байланысты мәлімдемелерді тәуелсіз түрде растау қиын.