ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
4 минут оқылды
«Түркия Израильдің адамзатқа қарсы жасаған қылмысына дәлел жинады»
Британдық журналист Киран Андриу: «Түркияның ең маңызды ісі - бізді дәрігерлер мен заңгерлерге апарып, адамзатқа қарсы жасалған қылмысқа қатысты дәлел жинау болды», - деп мәлімдеді.
«Түркия Израильдің адамзатқа қарсы жасаған қылмысына дәлел жинады»
Британдық журналист Киран Андриу
6 Қазан 2025

Жаһандық «Sumud» флотилиясына қатысқан британдық журналист Киран Андриу Израиль тарапынан депортацияланғаннан кейін Түркияның қонақжайлығын жоғары бағалады. Ол: «Анкара маңызды қадам басып, белсенділерді дәрігерлер мен адвокаттарға апарды. Адамзатқа қарсы жасалған қылмысқа айғақ жинады», - деді.

Андриу халықаралық су айдынында жаһандық «Sumud» флотилиясына жасалған шабуылдан кейін Израиль заңсыз ұстаған 13 Ұлыбритания азаматының бірі.

Жексенбі түні Түркиядан Сара Уилкинсон, Фрэнсис Каммингс және Иви Снедкермен бірге Лондондағы Хитроу әуежайына келген журналист Анадолы агенттігіне сұхбат беріп, сапардың қиын болғанын айтты.

«Бізді біріктірген ең басты нәрсе - Палестина мен Газа халқына деген сүйіспеншілік болды. Кемеде бірге уақыт өткізгеннен кейін бір-бірімізге деген сенім артты. Сол ғана бізді шыңдады», - деді ол.

Газаға барар жолда дрон шабуылдарына, логистикалық қиындықтар мен дауылдарға тап болғандарын еске алған Андриу: «Мұндай қиындықтар геноцид жасаушы мемлекеттің палестиналықтарға күн сайын төндіріп отырған қаупінің қасында түк емес», -деді.

Израильдің флотилияға жасаған шабуылына тоқталған ол: «Израильдің кемеге басып кіруі мен тоқтатуы - халықаралық құқыққа қайшы әрекет. Газа халқы бізге су айдынына кіруге рүқсат бергендіктен біздің ол аймаққа кіруге толық құқығымыз бар еді», -  деп мәлімдеді.

«Көзіміз байлаулы келдік»

Израиль күштерінің белсенділерді заңсыз қамауға алуын баяндаған британдық журналист Киран Андриу ұзақ уақыт бойы су берілмегенін атап өтті. Мұны Женева конвенциясына қайшы әрекет деп бағалады.

Андриу: «Көзімізді байлап, түн ортасында мұздай суық автобусқа мінгізіп, бұрын палестиналық тұтқындар қамалған Негев шөліндегі түрмеге алып кетті», -  деді.

Ол сондай-ақ белсенділердің кішкентай камераларға 10–12 адамнан күштеп орналастырылғанын және белсенділердің дәрі-дәрмектерін де бермегенін айтты.

«Белсенділердің дәрілерін көз алдымызда қоқысқа тастады. Жүрек ауруы бар адамдардың, соның ішінде 80 жастағы қариялардың да дәрілерінің лақтырылғанын көрдік», - деді ол.

Израиль билігінің жаһандық «Sumud» флотилиясына қатысқан адамдарды «террорист» деп атауына тоқталған Андриу: «Олардың жалғыз «қаруы» сәбилерге арналған тағам, азық-түлік, күріш торбалары мен дәрі-дәрмек. Олар нағыз террористер, геноцид жасап, саяси мүдделері үшін көршілерін бомбалаудан тартынбағандар, көптеген баланың ампутациялануына себеп болғандар»,-деді.

Нағыз азаптау

Белсенділерді «террорист» деп атаудың «аянышты» әрі «күлетін» жағдай деп сипаттаған британдық журналист Киран Андриу мұндай ойда жүргендер өмірлерінің соңына дейін күн сайын ұялуы керек екенін, бірақ ұялмайтынын, өйткені ұяты бар адамның осындай жиіркенішті геноцидті басқармайтынын атап өтті. Сондай-ақ ол адамдарды 6 сағат бойы тізерлеп отыруға мәжбүрлеу, азаптаудың ең ауыр түрі болмаса да, «айқын азаптау» екенін және бұл жағдайды барлық тұтқындардың бастан кешкенін айтты.

Түрмеде Израиль күштерінің белсенділерге қарсы әрекеті туралы ол: “Бір түні бір белсендінің «Көмектесіңдер, бұл шұғыл медициналық жағдай!» - деп айқайлағанын, олардың мұны жүрек талмасы деп ойлағандарын баяндады.

«Ол дем ала алмай жатқанын айтса да Израиль билігі ешқандай көмек көрсеткен жоқ», - деді Андриу. Ол сөзін былай жалғады: «Ақыры бірі «Айқайлауды тоқтатуымыз керек, ол тынысын бақылауға тырысуы керек, өйткені олар оның өлімін қалайтыны анық» деді. Басқа амалы да жоқ еді”. Андриу сондай-ақ: «Таңғы сағат 5-те түрме күзетшілерінің есіктерді ұрып, бізді оятып, балағаттауымүлде күтпеген әрі қорлайтын жағдай болды», - деп қосты.

Ең маңызды нәрсе

Заңсыз қамаудан кейін Израиль тарапынан елден шығарылып, Түркияда бір күн өткізген британдық журналист Киран Андриу Түркияның жылы қабылдауына ризашылығын білдірді. «Бұл шын мәнінде тамаша еді. Түрік халқына алғыс айтамын», - деп Түркияның қонақжайлылығына ерекше ризашылығын жеткізді. Оның айтуынша, белсенділерге дәмді тағамдар мен жайлы төсек орындары ұсынылған.

«Біз ризамыз. Түркия жасаған ең маңызды іс бізді дәрігерлерге апару, адвокаттармен кездестіріп, адамзатқа қарсы жасалған қылмыстардың дәлелдерін жинау болды», -  деді Андриу.

Израиль соңғы күндері 170 белсендінің көпшілігін Стамбулға, ал қалғандарын Италия мен Испанияға депортациялады. Израиль әскери-теңіз күштері сәрсенбі күні «Sumud» флотилиясына шабуыл жасап, кемелерін тартып алды. 50-ден астам елден келген 470-тен астам белсендіні қамауға алды.

ҚатыстыTRT Қазақ - “Global Sumud” флотилиясы Газаға жақындап, қауіпті аймаққа кірді

Флотилияның басты мақсаты - Газаға гуманитарлық көмек жеткізу және Израильдің заңсыз қоршауына бейбіт жолмен қарсылық білдіру болатын.

Израиль шамамен 18 жылдан бері 2,4 миллионнан астам адам тұратын Газа секторына толық блокада жасап келеді. 2023 жылдың қазан айынан бері жүргізілген бомбалау нәтижесінде 67 мыңнан астам палестиналық қаза тапты. Олардың көпшілігі әйелдер мен балалар. Аймақ өмір сүруге жарамсыз жағдайда.

Іздеу
Ливия жағалауында екі қайық аударылып, кем дегенде төрт адам қаза тапты
Индонезия Газаға орналастыру үшін 20 000 қызметкер дайындауда
Ресей Киевті шабуылдады
Бангладеш ақпандағы сайлауда конституциялық реформалар үшін дауыс береді
Виктория штаты жергілікті халыққа үлкен өкілеттік беретін тарихи келісімге қол қойды
Израиль армиясы екі күн ішінде Сирияның Кунейтра аймағына төрт рет кірді
АҚШ Газаға әскер жіберу жоспарын жоққа шығарды
Украина мен Ресей Cтамбулда келіссөз жүргізіп жатыр
Ханнибал Каддафи кепілдікпен босатылды
20 ел Судандағы ЖҚК зұлымдықтарын айыптады
Мысырда парламент сайлауы басталды
Израильдің ұшқышсыз ұшағы Ливанның оңтүстігіне шабуыл жасады
Филиппинге Фунг-вонг тайфуны соғып, 1,4 миллион адам эвакуацияланды
АҚШ-та 10 000-нан астам рейс кешікті
Иранда су тапшылығы басталды
«Калмаеги» тайфуны Вьетнамға жетті
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды
АҚШ әуежайлары әуе қозғалысын 10%-ға қысқартады
АҚШ пен Сауд Арабиясы бірлескен әскери оқу-жаттығуын бастады
Израиль шабуылынан Ливанда бір адам қаза тауып, бірі жарақат алды