Түркия Сыртқы істер министрі АҚШ-қа аттанады

Фидан екіжақты және аймақтық мәселелерді талқылау үшін кездесулер өткізеді.

By
Түркия Сыртқы істер министрі АҚШ-қа аттанады

Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан дүйсенбі күні АҚШ-қа аттанады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Түркия Сыртқы істер министрі екіжақты және аймақтық мәселелерді талқылауға арналған кездесулер өткізеді.

Фидан АҚШ-қа соңғы рет қыркүйекте барып, сол сапарда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында серік болған еді.

Наурыз айында да ол Вашингтонға екі күндік сапары барысында жоғары деңгейдегі бірқатар кездесу өткізіп, АҚШ өкілдерімен маңызды екіжақты және аймақтық мәселелерді талқылаған болатын.

Аталмыш сапарда Сыртқы істер министрі АҚШ Мемлекет хатшысы Марко Рубиомен кездесіп, Газа мәселесін талқылаған еді.