ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
2 ... минут оқылды
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
2026 жылдың соңына қарай елге 2 миллионнан астам шетелдік турист келеді деп болжануда.
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді

Тәжікстанға осы жылдың қаңтар-маусым аралығында келген шетелдік туристердің саны 889 мың 400 адамды құрады.

Тәжікстанның Туризмді дамыту комитетінің төрағасы Жамшед Джурахонзода елорда Душанбеде өткізген баспасөз мәслихатында елге келген туристердің саны туралы мәлімет берді.

Джурахонзода жылдың алғашқы жартысында елге келген шетелдік турист санының өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 127 мың 100 адам артқанын, бұл 16,7 пайыздық өсімді көрсететінін білдірді.

Туристік маусымның жаңадан басталғанын және қазан айының соңына дейін жалғасатынын айтқан Джурахонзода осы себепті жылдың екінші жартысында шетелдік меймандар санының одан әрі артатынын күтетіндерін жеткізді.

Жылдың алғашқы жартысында елге келген шетелдік турист санының 889 мың 400-ге жеткенін хабарлаған Джурахонзода олардың 806 мың 900-і Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы (ТМД) елдерінен, ал 82 мың 500-і басқа мемлекеттерден келгенін атап өтті.

Осы кезеңде Тәжікстанға ең көп турист жіберген ел 510 мың 400 саяхатшымен Өзбекстан болғанын айтқан Джурахонзода Өзбекстаннан кейінгі орындарды 175 мың 800 адаммен Ресей, 89 мың адаммен Қырғызстан, 23 мың 100 адаммен Қазақстан және 22 мың 700 адаммен Қытай иеленгенін тілге тиек етті.

Джурахонзода жыл соңына дейін Тәжікстанға шетелдік туристерді тартатын туристик компанияларға түрлі жеңілдіктер мен ынталандыру шараларын ұсыну жоспарланып отырғанын да хабарлады.

Аумағының 90 пайыздан астамы таулы аймақтардан тұратын Тәжікстанда туризм кірісінің басым бөлігі тау және табиғат туризмінен түседі. Жаяу серуендеу, тауға шығу (альпинизм) және экотуризм бағыттарымен ерекшеленетін Тәжікстандағы Памир мен Фан таулары ең көп саяхатшы тартатын мекендердің қатарында.

Тәжік ресми өкілдері туризм саласына арналған жеңілдіктер іске асырылып, маусым күтілгендей өткен жағдайда, 2026 жылдың соңына қарай елге 2 миллионнан астам шетелдік турист келеді деп болжайды.

Тәжікстанға өткен жылы келген шетелдік туристер саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 27,5 пайызға артып, 1 миллион 783 мың 900-ге жеткен болатын.

Іздеу
Папа 14. Лео Израильдің палестиналықтарға қатысты зорлық-зомбылығын тоқтатуға шақырды
Эбола індеті Конго Демократиялық Республикасындағы ең қауіпті індетке айналды
Украинаның зымыран шабуылында Белгород облысында 6 адам қаза тапты
Түркияның қыздар волейбол құрамасы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Трамп Мекке бірлескен қорғаныс келісіміне қол қойылғанына өте қуанышты екенін мәлімдеді
Түркия Пәкістанды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мәрмәр теңізі аймағындағы жер сілкінісінде қаза тапқандар Яловада еске алынды
Белсенділер Израиль қоршауындағы отбасыларға қажетті заттарды жеткізіп үлгерді
Министр Фидан Мысырға жасаған сапары туралы мәлімдеме жариялады
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
Президент Ердоған: «Мүмкіндіктерге назар аударып, жолымызды табандылықпен жалғастырып келеміз»
Ұлттық Қорғаныс министрлігі Бейбітшілік операциясының 52 жылдығын атап өтті
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты