ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты
Мәрмәр теңізінде басқа кемемен соқтығысқан «Tuğberk İmamoğlu» жүк кемесімен байланыс үзілді. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты
Стамбул маңында екі сауда кемесі соқтығысты / AA

Стамбул губернаторлығы Мәрмәр теңізінің Силиври жағалауында екі сауда кемесі соқтығысқанын және қазіргі уақытта 10 экипаж мүшесінің із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады.

Губернаторлықтың мәлімдемесіне сәйкес, Коджаэлиден Алиагаға бағыт алған Түркия туы бар «Alsu» сауда кемесі мен Искендерун портынан Қаратеңіз Эреглиге бет алған «Tuğberk İmamoğlu» сауда кемесі сәрсенбі күні таңғы сағат шамамен 03:00-де Силивриден оңтүстікке қарай 18 теңіз милі қашықтықта соқтығысқан.

Оқиға орнына Түркияның Жағалау қауіпсіздігі бас басқармасы мен Жағалау күзетінің Мәрмәр теңізі және бұғаздар қолбасшылығына қарасты бірнеше теңіз құралы, сондай-ақ Жағалау күзетінің тікұшағы жіберілді.

Губернаторлық: «Оқиға орнына жеткен топтардың алғашқы тексеруіне сәйкес, «ALSU» кемесінде көзге көрінетін зақым анықталған жоқ. Алайда қазіргі уақытта «TUĞBERK İMAMOĞLU» сауда кемесімен және оның бортындағы 10 адаммен байланыс орнату мүмкін болмай отыр. Аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда», — деп мәлімдеді.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады