ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Президент Режеп Тайып Ердоған: «2030 жылға дейін қорғаныс шығындарымыздың үлесін 3,5 пайыз деңгейіне көтеру үшін шараларымызды қабылдадық», — деді.
Президент Ердоған: «Қорғаныс мақсаттарына 5 жыл ерте қол жеткіземіз»
Президент Ердоған НАТО лидерлерінің саммитінде сөз сөйлеуде.

Президент Ердоған Президенттік көрме залында өткен НАТО-ның Мемлекет және үкімет басшыларының 36-шы саммитінде одақтас елдердің басшыларына үндеу жасады.

Түркияның қорғаныс әлеуеті, НАТО-дағы орны және жаһандық қауіпсіздік сын-қатерлеріне қатысты маңызды мәлімдемелер жасаған Ердоған қорғаныс өнеркәсібіндегі серпілістерге тоқталды.

Президент Ердоған Түркияның қорғаныс шығындарындағы табандылығын көрсеткіштермен бірге жариялады.

2030 жылға дейін қорғаныс шығындарының үлесін 3,5 пайыз деңгейіне көтеру үшін қажетті шаралардың қабылданғанын атап өткен Ердоған: «Қауіпсіздік пен тұрақтылыққа байланысты шығындарда қазірдің өзінде 1,5 пайыздық бюджеттік үлеске қол жеткіздік. Осылайша Гаагада белгіленген 2035 жылдан 5 жыл бұрын 5 пайыздық мақсатқа жетуді көздеп отырмыз», — деді.

«Еуропадағы ең ірі құрлық армиясына иеміз»

Түркияның Еуропадағы ең ірі құрлық армиясына ие ел екенін білдірген Ердоған: «Косовода, Қаратеңізде, Балтық жағалауында және басқа да географиялық аймақтарда Альянстың операцияларына, миссиялары мен жаттығуларына үлес қосатын одақтастардың алдыңғы қатарындамыз. Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен соққы жасаушы ұшқышсыз ұшу аппараттарын нақты ұрыс алаңдарында сәтті қолданып жүрген одақтас ретінде құруды жоспарлап отырған Ұшқышсыз жүйелерге қарсы тұру жөніндегі озық тәжірибе орталығымызды НАТО-ға аккредиттеуді үміт етеміз», — деді.

«Украинаны қолдай отырып, байланыс арналарымызды Ресейді де бейбітшілікке бағыттайтындай етіп пайдаланудамыз»

Президент Ердоған өз сөзінде Украина мен Ресей арасында жалғасып жатқан соғысқа да тоқталып өтті. «Украина соғысында Трамп мырзаның бейбітшілік көзқарасын қолдаймын және Украинаның басым қажеттіліктер тізімі бастамасына қолдау білдіретінімді мәлімдеймін. Украинаға өзіміздің ұлттық қорларымыздан көрсетіп жатқан әскери қолдауымызға қоса, “Puer El” қолжетімділігі аясында да үлесімізді қосуды жалғастырамыз. Украинаны қолдай отырып, Ресейді де бейбітшілікке бағыттайтындай етіп байланыс арналарымызды пайдаланудамыз». деді ол.

«Миналарды тазарту үшін үлес қосуға дайынбыз»

«Иран дағдарысының шешім жолына түсуінде диверсиялық әрекеттерге қарамастан досым Трамп мырзаның көрсеткен табанды ұстанымын жоғары бағалаймын», — деген Ердоған сөзін былай деп жалғастырды: «Дипломатиялық күш-жігерімізге қоса, Ормуз бұғазын миналардан тазарту үшін қажетті үлесті қосуға дайынбыз. Осы орайда, Түркияны нысанаға алған зымырандарға қарсы НАТО құрылымдары тарапынан көрсетілген қолдау үшін Америка мен Испания бастаған, сондай-ақ қосымша әуе шабуылына қарсы қорғаныс батареяларын орналастырған Германия мен Италияға алғысымды білдіремін».

Іздеу
Президент Ердоғанның "15 шілде: Түркия ғасырының Тәуелсіздік декларациясы" атты мақаласы
Әлем кубогында алғашқы финалист — Испания
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
15 шілде түні болған оқиғалар, төңкеріс әрекетінің шешуші сәттері және халықтың ерлігі
Президент Ердоған Катарға барады
Трамп Ормуз бұғазынан өтетін кемелерден 20 пайыздық алым алуды ұсынды
«Мемлекетіміздің барлық құрылымдары бұл ауыр тәжірибеден тиісті сабақты алды»
Фетхуллахшы террорлық ұйымы (FETÖ) деген не?
2016 жылғы 15 шілдедегі сәтсіз төңкеріс әрекеті барысында әшкереленген "Bylock-тағы" иерархия
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түркия Ұлттық барлау ұйымы Талип Гүлерді қолға түсірді
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді