ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркияның Ұлттық барлау ұйымы Стамбулда жекеменшік детективті қамауға алды
Қауіпсіздік қызметінің өкілдері күдіктінің Израильдің «Моссад» барлау қызметіне жұмыс істегенін және Израильдің Онлайн операциялар орталығының мүшесі Файсал Рашидпен байланыста болғанын мәлімдеді.
Түркияның Ұлттық барлау ұйымы Стамбулда жекеменшік детективті қамауға алды
Түркияның Ұлттық барлау қызметі Стамбулда жекеменшік детективті қамауға алды / Others

Түркия жұма күні Израильдің ұлттық барлау қызметі «Моссад» үшін тыңшылық жасады» деген айыппен  жекеменшік детективтің қамауға алынғанын хабарлады. Қауіпсіздік органдарының дерегіне сәйкес, күдікті Стамбулда прокурорлар мен полицияның бірлескен операциясы кезінде ұсталған.

Ұлттық барлау қызметі күдіктінің Серкан Чичек екенін анықтап, оның «Метрон іс-қимылы» кодты операция кезінде қолға түскенін мәлімдеді.

Қауіпсіздік өкілдері Чичектің «Моссад» үшін жұмыс істегенін және Израильдің Онлайн операциялар орталығының мүшесі Файсал Рашидпен байланыста болғанын айтты.

Чичек Файсал Рашидтің тапсырмасы бойынша Израильдің Таяу Шығыс саясатына қарсы шыққан палестиналық бір белсендіге Стамбулда жасырын бақылау жүргізгенін мойындаған.

Ұлттық барлау ұйымының дерегінше, Чичек қарызға белшесінен батқан соң есімін өзгертіп, қызметін тастап, 2020 жылы «Pandora» детективтік агенттігін құрған. Оның шын есімі - Мұхаммет Фатих Келеш.

Сондай-ақ Чичектің Израиль үшін тыңшылық жасап, 19 жылға сотталған Муса Кушпен және мемлекеттік деректерді жекеменшік детективтерге сатқан адвокат Тугрылхан Диппен байланысқаны хабарланды.

Күдіктінің ақысы криптовалютамен  төленген

Билік өкілдерінің айтуынша, Чичек детективтік қызметке кіріскеннен кейін «Моссадтың» назарына іліккен. 31 шілде күні Файсал Рашид онымен «WhatsApp» арқылы байланысқа шығып, өзін шетелдік заң фирмасының қызметкері ретінде таныстырған.

Рашид Чичекке Стамбулдың Башакшехир ауданында тұратын палестиналық бір белсендіге төрт күн бойы бақылау жүргізуді тапсырған. Хабарға қарағанда, Чичек бұл тапсырма үшін 1 тамызда криптовалютамен 4 мың доллар алған.

Чичек бақылауға алынатын кісінің есімін және оның палестиналық белсенді екенін интернет арқылы білген. Ол серіктесі Муса Куштың тыңшылық жасағаны үшін түрмеге жабылғанын біле тұра, тапсырманы орындауға келіскен.

Ресми дерекке сәйкес, Чичек Рашид берген мекенжайға барған, бірақ бақылаудағы кісіні таба алмаған. 1-2 тамыз күндері пәтер жалдау сылтауымен тұрғын үй кешеніне кіріп, барлау жүргізсе де «Моссад» сұратқан мәліметтерді жинай алмаған.

Билік өкілдерінің сөзінше, израильдік агент 3 тамыз күні Рашид Чичекпен байланысын үзген.

 

Іздеу
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Жаңа Зеландия Батыс Шериядағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Иран Иорданиядағы АҚШ базасын нысанаға алды
Малайзияда тікұшақ апатынан  бес адам қаза тапты
Катар АҚШ пен Иранды дағдарысты диалог арқылы шешуге шақырды
Түркия шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуды көздейді
Ұлыбритания Украинаның әуе қорғанысына 135 миллион доллар бөледі
Пезешкиан шабуылдаушыларға қарсылық көрсетуді жалғастыратындарын мәлімдеді
Зеленский Ресейдің Украинадағы телеарна ғимаратына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Непал–Қытай шекарасындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1 400-ге жетті
Мажарстан 10 ресейлік дипломатты елден шығарды
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атануға жақын
Польшада роботтар жасанды интелектке қарсы наразылық білдірді: Жұмыс орындарын қорғаңыздар
Израиль министрлері Ұлыбритания елшісін елден шығаруды талап етті
Түркия Сыртқы істер министрлігі Младичке жерлеу рәсімінің ұйымдастырылуына наразылық білдірді