Ердоған мен Мелони кездесті: Түркия мен Италияның келесі қадамы қандай болмақ?
ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
Ердоған мен Мелони кездесті: Түркия мен Италияның келесі қадамы қандай болмақ?Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қорғаныс байланыстарын нығайту және екі Жерорта теңізі елі арасындағы сауда қатынастарын тереңдету мақсатында Италия Премьер-министрі Джорджия Мелонимен Римде кездесті.
/ AP
29 Сәуір 2025

500-ден астам түрік және итальяндық іскер көшбасшы да екі ел арасындағы сауда қатынастарын дамыту мақсатында ұйымдастырылған іскерлік форумда бас қосты.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Италия премьер-министрі Джорджия Мелони Римде екі ел арасындағы төртінші үкіметаралық саммит аясында кездесуде.

Бұл кездесу қорғаныс және сауда салаларындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқан кезеңіне сай келіп отыр.

Екі көшбасшы бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап НАТО саммиттеріне дейін түрлі көпжақты алаңда кездесіп, Украинадағы соғыс, Сирия үкіметінің халықаралық қоғамдастыққа қайта интеграциялануы және қорғаныс пен сауда саласындағы ынтымақтастықты күшейту сынды бірқатар геосаяси мәселені талқылаған болатын.

Қорғаныс саласындағы ынтымақтастық екі ел арасындағы тереңдей түскен әріптестіктің басты бағыттарының бірі ретінде ерекшеленуде.

7 сәуірде Италияның Қорғаныс министрі Гуидо Крозетто екі НАТО одақтасы арасындағы әскери байланыстарды нығайту мақсатында Анкараға келіп, түрік әріптесі Яшар Гүлермен кездесті.

Осы жылдың басында Түркияның жетекші ұшқышсыз ұшу аппараттары өндірушісі “Baykar” компаниясы көптеген өңірінде қолданылатын жүйелерімен танымал болып, Италияның авиация және қорғаныс алыбы “Leonardo SpA.” компаниясымен стратегиялық келісімге қол қойды.

Өткен жылдың соңында “Baykar”  итальяндық “Piaggio Aerospace” компаниясын да сатып алған болатын.

“Leonardo” компаниясының бас директоры Роберто Чинголани: "Біз Baykar-мен ұшқышсыз технологиялар саласында жаңа үлгі компания құрып жатырмыз. Бұл технологиялар болашақтағы қорғаныс саласында бірте- бірте жетекші ролге шығады," – деді.

Бұл серіктестік Еуропаның 100 миллиард долларлық қорғаныс нарығында жаңа мүмкіндіктердің есігін ашуы мүмкін.

Президент Ердоғанның Римге сапары қорғаныс саласында ғана емес, сауда қатынастарын нығайтуда да маңызды қадам болып табылады.

Екі елдің көшбасшылары арасындағы жоғары деңгейдегі саяси саммитпен қатар 500-ден астам түрік және итальяндық кәсіпкер экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу үшін бизнес форумда кездеседі.

Түркияның Италиядағы елшісі Элиф Чомоғлу Үлгеннің мәліметінше, екі ел арасындағы сауда көлемі соңғы жылдары айтарлықтай өсіп, 2019 жылы 10 миллиард доллардан 2024 жылдың соңына қарай 32,2 миллиард долларға жетті.

Анадолы агенттігіне берген сұхбатында түрік елшісі: "Біз өте толқып отырмыз. Менің ойымша, мұнда барлық түріктер осы толқынысты бірге сезінуде," – деді. Ол елшілікпен бірге түрік және итальяндық әріптестердің осы саммитке ұзақ уақыт дайындалғанын да атап өтті.

Итальян тарапында да осындай жоғары ынта бар екенін жеткізді.

Өткен жылы Италия Түркияда маңызды инвестор болуды жалғастырды. Қазіргі уақытта елде 1 600-ден астам итальяндық капиталды компаниялар жұмыс істейді және жалпы инвестициялар көлемі 5 миллиард доллардан асады.

Стамбулдағы Сыртқы экономикалық байланыстар кеңесі (DEİK) құрамындағы Түркия-Италия іскерлік кеңесінің төрайымы Лале Джандердің айтуынша, бұл инвестициялар негізінен автомобиль, энергетика, инфрақұрылым, логистика, банк ісі және азық-түлік салаларында шоғырланған.

Анадолы агенттігіне берген сұхбатында Джандер: "Fiat, Pirelli, Eni және Barilla сияқты компаниялар Түркияда ұзақ жылдар бойы белсенді қызмет етіп келеді," – деді.

Сонымен қатар түрік компаниялары да әсіресе тоқыма, азық-түлік және автомобиль бөлшектері салаларында Италияда барған сайын көзге түсе бастады.

Джандер сөзін жалғастырып, "Түрік капиталының шетелдегі болмысында өзгеріс бар екенін көрсететін, жоғары технология мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған айқын бетбұрыс байқалады," – деді.

Іздеу
Галатасарай өз алаңында жеңіске жетті
Исфахан қаласындағы Ресей консулдығы шабуылдардан зардап шекті
Швейцарияның батысындағы автобус өртінде алты адам қаза тапты
Түркия мен Катардың Қорғаныс министрлері Таяу Шығыстағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Түркия әуе кеңістігін қорғау үшін “Patriot” жүйесін дайындауда
АҚШ пен Ресей президенттері сөйлесті
Иранның Сыртқы істер министрі келіссөздерден бас тартты
Ұлыбритания жаһандық мұнай қорын босатуды қолдайды
АҚШ Ауғанстанды «заңсыз қамауға алуды қолдайтын мемлекет» деп жариялады
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі христиан ауылында маронит католик дін қызметкерін өлтірді
36 мыңнан астам америкалық Таяу Шығыстан эвакуацияланды
Ираннан Түркияға бағытталған баллистикалық зымыран атып түсірілді
Президент Ердоған Пезешкианға: «Әуе кеңістігіміздің бұзылуы ақталмайды»
АҚШ 11 дана «MQ-9 Reaper» ұшқышсыз ұшу аппаратынан айырылды
АҚШ Сауд Арабиясындағы елшілік қызметкерлеріне елден кетуді бұйырды