ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Ресей шабуылдары салдарынан кемінде 20 украиналық қаза тапты
Киев ұсынған бітімнің күшіне енуіне санаулы сағаттар қалғанда, Украина аумағында кемінде 21 бейбіт тұрғын қаза тапты.
Ресей шабуылдары салдарынан кемінде 20 украиналық қаза тапты
Ресей шабуылдары салдарынан кемінде 20 украиналық қаза тапты / Reuters

Билік өкілдерінің мәліметінше, Ресейдің Украина қалаларына жасаған шабуылдары салдарынан 21 адам мерт болған.

Владимир Зеленский Мәскеуді сынға алып, 9 мамырдағы әскери парад қарсаңында бітім туралы айтылғанымен шабуылдардың тоқтамағанын айтты.

Сейсенбі күні Запорожье, Краматорск және Днепр қалаларына жасалған соққылар Украина ұсынған бітім жарияланардан бірнеше сағат бұрын жүзеге асырылды.

Запорожьедегі шабуыл салдарынан 12 адам қазақ тапты. Владимир Зеленский бұл соққыны «негізсіз» деп бағалады.

Билік соңғы апталардағы ең қанды шабуылдардың бірі деп бағалаған сейсенбідегі соққылардан кемінде 70 адам жарақат алды.

Сейсенбі күні түнде Днепр қаласы  да шабуылға ұшырап, төрт бейбіт тұрғын қаза тапты. Ал Краматорск қаласының орталығына жасалған соққыдан бес адам мерт болды.

Бітім кезінде жасалған шабуылдар

Қақтығыстар жалғасып жатқан кезде Зеленский жариялаған бітім жергілікті уақыт бойынша түн ортасында күшіне енді.

Бұл бітім Ресей жариялаған 8–9 мамыр Жеңіс күніне арналған уақытша атысты тоқтату режимінен екі күн бұрын басталды.

Зеленский 6 мамырда бітім жариялап, «Адам өмірінің кез келген мерейтойдан әлдеқайда қымбат» екенін айтты.

Ресейдің Жеңіс күніне орай ұсынған бітімін қабылдамаған Зеленский: «Бізге тыныштық керек... бірнеше сағаттық «мерекелер» үшін ғана емес, күн сайын қажет»,- деді.

Мәскеу 8–9 мамырға арналған бітім жариялаған кезде, Ресей Қорғаныс министрілігі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын мәлімдеп, мерекелік іс-шараларға кедергі келтірілген жағдайда ауқымды қарымта зымыран соққылары жасалуы мүмкін екенін ескертті.

Зеленский кеңсесінің басшысы Кирило Буданов сейсенбі күні Киев ұсынған бітімнің тұрақты бейбітшілікке ұмтылысты білдіретінін айтты.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресейдің өтініші бойынша Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты қарым-қатынас пен соғыс мәселесін талқылады.

 

Іздеу
Ішкі істер министрі Чифтчи 19 мамырдың тарихи маңызына тоқталды
Иран Ормуз бұғазын басқару үшін жаңа орган құрды
Түркия Қырым татарлары мен черкес халқының қасіретін еске алды
Батыс Шерияда палестиналықтарға өлім жазасын қарастыратын заң күшіне енді
Пәкістанда жарылыс болды
Эрджиес шаңғы орталығы биылғы маусымда 3 миллион 300 мың турист қабылдады
Израиль Ирак аумағында екі құпия әскери база құрған
АҚШ өкілі Сирияны бүкіл өңір үшін «үміт» деп атады
Хакан Фидан мен Аббас Аракчи АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздерді талқылады
Израиль Газада азық-түлік тарату пунктін бомбалап, тағы 4 палестиналықты өлтірді
Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бес лауазымды тұлғасына ордер шығарды
Президент Ердоған Халықаралық отбасы күніне орай құттықтау жолдады
Президент Ердоған: “Еуразиядағы бейбітшіліктің кілті: Түркі әлемі”
Хакан Фидан Түркі Мемлекеттері Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысады
Президент Ердоған ұлттық спортшыларды құттықтады