ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Әлем көшбасшылары Мюнхенде
60 мемлекет басшысы, 115-тен астам елден 1000-нан аса қатысушы үш күндік кездесу үшін Мюнхенде басқосты.
Әлем көшбасшылары Мюнхенде
Әлем көшбасшылары Мюнхенде / Reuters
13 Ақпан 2026

Мюнхен қауіпсіздік конференциясы басталды. Бұл іс-шараға 115-тен астам елден 1000-нан аса қатысушы жиналды.

Германия канцлері Фридрих Мерцтің ашылу салтанатындағы сөзінен кейін жұма күні мінберге көптеген спикер шығады.

Талқылаулар халықаралық тәртіп пен трансатлантикалық одақтардың болашағына, Еуропаның қорғаныс және қауіпсіздік архитектурасын күшейтуге бағытталған күш-жігеріне, Украинаға қолдау көрсетуге, Газаны қайта қалпына келтіруге және Иранға қатысты шиеленістерге, сондай-ақ климат пен энергия қауіпсіздігіне, ядролық тәуекелдерге, жасанды интеллект, сауда және технологияның қаруландырылуының артуына арналмақ.

60 мемлекеттің басшысы, сонымен бірге Украина президенті Зеленский келеді деп жоспарланды.

Еуропалық көшбасшылардың үштен екісі бұл жиынға қатысатынын растады, ал АҚШ ауқымды делегациясымен келеді. Делегация АҚШ Сенаты мүшелерінің төрттен бірінен астамын қамтып, оны Мемлекеттік хатшы Рубио басқарады.

Сондай-ақ Еуропалық Одақ, НАТО, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Дүниежүзілік банк, Дүниежүзілік сауда ұйымы және БҰҰ-ның көптеген агенттігін қамтитын 50-ден астам халықаралық ұйым басшылары да іс-шараға қатысады.

Кездесу алдында жарияланған жыл сайынғы Мюнхен қауіпсіздік баяндамасында «әлем қиратушы саясат үстемдік ететін кезеңге қадам басты» және «АҚШ жетекшілік еткен соғыстан кейінгі халықаралық тәртіп енді күйреу қаупінде» деген ескерту жасалды.

Құжатта АҚШ президенті Трамптың жүргізіп отырған «бульдозер саясаты» сынға алынып, оның халықаралық тәртіпті әлсіретіп, байлар мен күштілер, сондай-ақ өңірлік гегемондар қалыптастыратын әлемге жол ашатыны айтылды.

Вашингтонның халықаралық құқықты елемеуі және қолданыстағы ережелер мен институттарды әлсіретуге бағытталған күн тәртібі әлемдегі дағдарыстар мен қақтығыстарға терең әсер етуі мүмкін екені атап өтілді.

Іздеу
Түркия Сыртқы істер министрі Ирандағы жағдайға байланысты бірқатар келіссөз өткізді
«Иран әділетсіз әрі заңсыз шабуылға ұшырады»
Президент Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды
Түрік әуе компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты
Иранға бағытталған шабуылдар басталғалы бері  АҚШ-тың 6 сарбазы қаза тапты
Иран Хормуз бұғазынан өтуге тырысқан кемелерге шабуыл жасалатынын ескертті
Әлем елдері өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауда
БҰҰ: «Израиль Газаға гуманитарлық көмекті тоқтатты»
Түркия мен Иран шекарасында шектеу
Израиль Ливанда 31 адамды өлтірді
Иран дағдарысы салдарынан мұнай бағасы артуы мүмкін
Иран Израильді атқылады: Бейт-Шемеште 9 адам қаза тапты
Али Лариджани: «Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді»
Кувейттегі АҚШ әуе базасының маңында әскери ұшақ құлады
Мьянма армиясы 10 мың тұтқынды рақымшылықпен босатты