Тынық мұхитының түсі өзгерді
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
1 ... минут оқылды
Тынық мұхитының түсі өзгердіТынық мұхитында пластик қалдықтар көп мөлшерде шоғырланған «Тынық мұхитының үлкен қоқыс алаңы» мен оның айналасындағы су түсінің өзгеруіне микропластик әсер еткен болуы мүмкін.
Теңіздегі пластик қалдықтар химиялық ластағыштарды тасымалдайды (МҰРАҒАТ).

Норвегиялық зерттеушілер мұхит ағыстарының әсерінен мыңдаған тонна пластик қалдық жиналған «Тынық мұхитының үлкен қоқыс алаңы» мен оған іргелес аумақтардың 20 жылдық спутниктік деректерін зерттеді.

Зерттеушілер Тынық мұхитының солтүстік бөлігіндегі суға қатысты 2002-2022 жылдарды қамтитын үш түрлі спутниктік деректі талдап, балық аулау торлары, азық-түлік қаптамалары және көзге көрінбейтін микропластиктер кездесетін аймақта су түсінің көгілдір және жасыл реңктерге өзгергенін анықтады.

Ғалымдар мұхит суының түсі биохимиялық құрамындағы табиғи өзгерістерге байланысты да өзгеруі мүмкін екенін ескерді. Алайда зерттеу нәтижесінде бұл құбылыстың негізгі себебі микропластиктердің жиналуы болуы ықтималдығы табиғи себептерге қарағанда төрт еседен астам жоғары екені анықталды.

Зерттеу авторларының бірі Ши Читэм “CNN” телеарнасына берген сұхбатында спутниктік деректерде байқалған түс өзгерісіне тек пластик қалдықтардың тікелей әсер еткенін дәлелдеу үшін қосымша зерттеулер қажет екенін айтты.

Зерттеу нәтижелері “Nature” журналында жарияланды

Жыл сайын мұхиттарға шамамен 13 миллион тонна пластик қалдық түседі

Ғалымдардың бағалауынша, жыл сайын мұхиттарға шамамен 13 миллион тонна пластик қалдық түседі. Алайда оның аз ғана бөлігі, яғни шамамен 250 мың тоннасы су бетінде қалқып жүреді.

Мұхитқа түскен пластик қалдықтарды теңіз жануарлары жұтып қоюы мүмкін. Осылайша пластик қалдықтар қоректік тізбек арқылы таралады.

Соның салдарынан адамдар тұтынатын теңіз өнімдерінде де кездесетін микропластиктер мұхит экожүйесіне ғана емес, адам денсаулығына да қауіп төндіруі мүмкін.

ҚатыстыTRT Қазақ - Пластик жаһандық қауіп төндіруде
Іздеу
Қазақстан мен Татарстан «Қазан-Астана» әуе рейстері арқылы өзара жақындай түсті
БҰҰ Газада санитарлық жағдайдың нашарлап бара жатқанын ескертті
«Галатасарай» «Штутгартты» 2:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасындағы ұпай санын 6-ға жеткізді
АҚШ-тағы аралық сайлау: Сенатта басымдық демократтарда
Ғалым Джеффри Хинтон жасанды интеллектінің қаупін Чернобыль апатымен салыстырды
Президент Ердоған Оңтүстік Кореяның ірі компанияларының басшыларымен кездесті
Иран АҚШ-тағы аралық сайлау нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Түркі мемлекеттері 2027 жылы ортақ жерсерік ұшыруды жоспарлап отыр
Тегеранда «Трампты өлтіреміз» деген плакат ілінді
Президент Ердоған: «Оңтүстік Кореямен ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқыладық»
Ресей Түркі Мемлекеттері Ұйымына қосылуға дайын екенін білдірді
Президент Ердоған әуеден Қазақстанға жолдау жіберді
Түркиялық оқушы Эйнштейн олимпиадасында математикадан әлем чемпионы атанды
Президент Ердоған Оңтүстік Кореяда
АҚШ қараша айында Ресей-Украина бейбітшілік келіссөздеріне дәнекерлік етеді