ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия мен Сауд Арабиясы теміржол және инфрақұрылым саласында келісімге қол қойды
Түркия Көлік министрлігінің хабарлауынша, Түркия мемлекеттік темір жолдары (TCDD) мен Сауд Арабиясының темір жол компаниясы (SAR) арасында инфрақұрылымды дамыту, қозғалысты басқару, білім беру мен кеңес беру салаларында келісімге қол қойылды.
Түркия мен Сауд Арабиясы теміржол және инфрақұрылым саласында келісімге қол қойды
Түркия мен Сауд Арабиясы теміржол, инфрақұрылым салаларында келісімге қол қойды / User Upload

Түркия Республикасының Мемлекеттік темір жолдары (TCDD) мен Сауд Арабиясының Мемлекеттік темір жолдары (SAR) темір жол күтімі, жөндеу, инфрақұрылымды дамыту, қозғалысты басқару, білім беру мен кеңес беру салаларында меморандумға қол қойды.

Келісімге дүйсенбі күні Сауд Арабиясында өткен кездесулер барысында «TCDD» бас директоры Вейси Курт пен «SAR» бас директоры Бешар бин Халид әл-Мәлик бастаған делегациялардың қатысуымен қол қойылды. Бұл жаңалықты Түркия Көлік министрлігі «Nsosyal» арқылы хабарлады.

Министрліктің мәлімдемесінде: «Кездесуде темір жол күтімі мен жөндеу, инфрақұрылымды жетілдіру, қозғалысты басқару, білім беру мен кеңес беру сияқты салаларда ұзақ мерзімді ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды», -  делінген.

Кездесу нәтижесінде екі елдің мемлекеттік темір жолдары арасында «Темір жол саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға» қол қойылды.

Сондай-ақ мәлімдемеде: «Бұл ынтымақтастық арқылы «TCDD» халықаралық темір жол желісіндегі серіктестікті нығайтуды және Түркияның жаһандық көлік дәліздеріндегі жетекші орнын одан әрі бекемдеуді көздейді», - делінген.

Темір жол саласында ынтымақтастықты дамыту

Түркия соңғы уақытта Араб әлемінде темір жол саласындағы ынтымақтастық желісін кеңейтіп келеді. Түркия Көлік министрі Абдулкадир Уралоғлының айтуынша, Түркия, Сирия және Иорданияның көлік министрлері аймақтық қатынастарда тарихи қадам саналатын Хижаз темір жолын қайта жандандыру жөнінде келісімге келген.

Министрдің мәлімдеуінше, Сириядағы темір жолдың бітпеген 30 шақырымдық үстіңгі құрылысы Түркияның қолдауымен аяқталатын болады.

Сонымен қатар Уралоғлы Иордания тарапының Сириядағы локомотивтердің күтім, жөндеу және пайдалану бойынша техникалық мүмкіндіктерін зерттейтінін, ал Түркияның Акаба порты арқылы Қызылтеңізбен байланысын нығайту мақсатында бірлескен техникалық жұмыс жүргізетінін атап өтті.

Іздеу
Ішкі істер министрі Чифтчи 19 мамырдың тарихи маңызына тоқталды
Иран Ормуз бұғазын басқару үшін жаңа орган құрды
Түркия Қырым татарлары мен черкес халқының қасіретін еске алды
Батыс Шерияда палестиналықтарға өлім жазасын қарастыратын заң күшіне енді
Пәкістанда жарылыс болды
Эрджиес шаңғы орталығы биылғы маусымда 3 миллион 300 мың турист қабылдады
Израиль Ирак аумағында екі құпия әскери база құрған
АҚШ өкілі Сирияны бүкіл өңір үшін «үміт» деп атады
Хакан Фидан мен Аббас Аракчи АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келіссөздерді талқылады
Израиль Газада азық-түлік тарату пунктін бомбалап, тағы 4 палестиналықты өлтірді
Халықаралық қылмыстық сот Израильдің бес лауазымды тұлғасына ордер шығарды
Президент Ердоған Халықаралық отбасы күніне орай құттықтау жолдады
Президент Ердоған: “Еуразиядағы бейбітшіліктің кілті: Түркі әлемі”
Хакан Фидан Түркі Мемлекеттері Ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысады
Президент Ердоған ұлттық спортшыларды құттықтады