ТҮРКИЯ
2 минут оқылды
Түркия мен Сауд Арабиясы теміржол және инфрақұрылым саласында келісімге қол қойды
Түркия Көлік министрлігінің хабарлауынша, Түркия мемлекеттік темір жолдары (TCDD) мен Сауд Арабиясының темір жол компаниясы (SAR) арасында инфрақұрылымды дамыту, қозғалысты басқару, білім беру мен кеңес беру салаларында келісімге қол қойылды.
Түркия мен Сауд Арабиясы теміржол және инфрақұрылым саласында келісімге қол қойды
Түркия мен Сауд Арабиясы теміржол, инфрақұрылым салаларында келісімге қол қойды
7 Қазан 2025

Түркия Республикасының Мемлекеттік темір жолдары (TCDD) мен Сауд Арабиясының Мемлекеттік темір жолдары (SAR) темір жол күтімі, жөндеу, инфрақұрылымды дамыту, қозғалысты басқару, білім беру мен кеңес беру салаларында меморандумға қол қойды.

Келісімге дүйсенбі күні Сауд Арабиясында өткен кездесулер барысында «TCDD» бас директоры Вейси Курт пен «SAR» бас директоры Бешар бин Халид әл-Мәлик бастаған делегациялардың қатысуымен қол қойылды. Бұл жаңалықты Түркия Көлік министрлігі «Nsosyal» арқылы хабарлады.

Министрліктің мәлімдемесінде: «Кездесуде темір жол күтімі мен жөндеу, инфрақұрылымды жетілдіру, қозғалысты басқару, білім беру мен кеңес беру сияқты салаларда ұзақ мерзімді ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды», -  делінген.

Кездесу нәтижесінде екі елдің мемлекеттік темір жолдары арасында «Темір жол саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға» қол қойылды.

Сондай-ақ мәлімдемеде: «Бұл ынтымақтастық арқылы «TCDD» халықаралық темір жол желісіндегі серіктестікті нығайтуды және Түркияның жаһандық көлік дәліздеріндегі жетекші орнын одан әрі бекемдеуді көздейді», - делінген.

Темір жол саласында ынтымақтастықты дамыту

Түркия соңғы уақытта Араб әлемінде темір жол саласындағы ынтымақтастық желісін кеңейтіп келеді. Түркия Көлік министрі Абдулкадир Уралоғлының айтуынша, Түркия, Сирия және Иорданияның көлік министрлері аймақтық қатынастарда тарихи қадам саналатын Хижаз темір жолын қайта жандандыру жөнінде келісімге келген.

Министрдің мәлімдеуінше, Сириядағы темір жолдың бітпеген 30 шақырымдық үстіңгі құрылысы Түркияның қолдауымен аяқталатын болады.

Сонымен қатар Уралоғлы Иордания тарапының Сириядағы локомотивтердің күтім, жөндеу және пайдалану бойынша техникалық мүмкіндіктерін зерттейтінін, ал Түркияның Акаба порты арқылы Қызылтеңізбен байланысын нығайту мақсатында бірлескен техникалық жұмыс жүргізетінін атап өтті.

Іздеу
Хакан Фидан Финляндияда
Түркияның қорғаныс экспорты 6,7 миллиард долларға жетті
Түркия қараша айында Сирияға транзиттік тасымалды бастайды
"Altay" танкі Түркияның қорғаныс қуаты мен жаһандық амбициялары үшін жаңа дәуірді бастайды
Ердоған: «Түркия еуропалық одақтастарымен қорғаныс жобалары бойынша ынтымақтастықты жеделдетеді»
Түркия Газаға әскер жіберу бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына сәйкес қозғалады
Түркия жаһандық бизнес пен технологияны тоғыстырмақ
Президент Ердоған: «Ислам ынтымақтастығы Ұйымы Сирия үшін арнайы бағдарлама іске қосты»
Түркия кезекті отандық жер серігін сәтті ұшырды
Президент Ердоған Әл-Фаширдегі бейбіт тұрғындардың қырғынын айыптады
Түркияның әлемдік тәртіпті қорғаудағы рөлі жоғары бағаланды
47-ші Стамбул марафонына 126 елден 41 мыңнан астам спортшы қатысты
Түркия қорғаныс өнеркәсібінде кері шегінбейді
Германия Түркияның ЕО құрамында болуын қалайды
Түркияның Черногориядағы елшісі пышақпен шабуыл оқиғасын тез арада тергеуді талап етті
Мерц Анкарада жаһандық мәселелерді шешу үшін 'стратегиялық серіктестіктер' құруды ұсынды