ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
SETA: «Түркия-Ирак қатынастары артуда»
Сарапшылардың айтуынша, институционалдану, терроризмге қарсы ынтымақтастық және экономикалық өзара байланыс екіжақты күн тәртібін қайта қалыптастырып жатыр.
SETA: «Түркия-Ирак қатынастары артуда»
SETA: «Түркия-Ирак қатынастары артуда» / AA

Түркия-Ирак қатынастарының болашақ бағыты Анкарада өткен панельдің негізгі тақырыбы болды. Сарапшылар институционалдық ынтымақтастықтың кеңеюі мен ортақ қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықтардың екі көрші ел арасындағы қатынастарды айқындап отырғанын атап өтті.

«Аймақтық жаңа динамикалар және Түркия-Ирак қатынастарының болашағы» атты іс-шараны Саясат, экономика және қоғам зерттеулері қоры (SETA) ұйымдастырды. Жиында Түркия мен Ирак сарапшылары басқосып, саяси, қауіпсіздік және экономикалық өлшемдерді талқылады.

Анадолы агенттігінің стратегиялық талдау жөніндегі директоры Билгай Думан Ирактың аймақта маңызды орынға ие екенін және ондағы оқиғалардың Түркияға тікелей әсер ететінін айтты.

Ол Анкараның саясаты Ирактың саяси бірлігіне басымдық беретінін және бұл бағыт премьер-министр Мұхаммед Шиа әс-Судани кезеңінде жаңа қарқын алғанын атап өтті.

Түркияның Ирактағы дағдарысқа қатысты ұстанымы

Думан 2019 жылы Иракта үкіметке қарсы өткен наразылықтар кезінде Түркияның анағұрлым институционалды, әрі байыпты ұстанымы елдің теңгерімді актер ретіндегі беделін нығайтуға көмектескенін және екіжақты қатынастардың аймақтық бәсекелестіктерден тәуелсіз дамуы қажет екенін айтты.

«Түркия-Ирак қатынастары аймақтық үдерістерден тәуелсіз ілгерілеуі керек деп ойлаймын», -  деді Думан.

Түркия-Ирак қатынастары

Анадолы агенттігінің бас тілшісі Мехмет Аладжа екі ел арасындағы қатынастар институционалдану кезеңіне өткенін, алайда аймақтық шиеленістерге қатысты сезімталдығын сақтап отырғанын айтты.

Оның айтуынша, соңғы аймақтық өзгерістер ілгерілеуді жеделдетуге немесе ынтымақтастыққа кері әсер етуі мүмкін.

Ирак саясатында кейде күн тәртібіне шығатын су мәселесіне байланысты келіспеушіліктер жөнінде Аладжа кейбір тараптардың бұл тақырыпты арандатушылық мақсатта пайдаланатынын, ал Түркияның мәселені үнемі гуманитарлық тұрғыда қарастыратынын айтты.

Сонымен қатар  Солтүстік Ирактағы PKK-ның шоғырлануына қатысты Түркияның алаңдаушылықтарына Бағдаттың түсіністікпен қарай бастағанын атап өтті. Себебі Ирактағы Қандил таулары ұйымның негізгі базасы ретінде қарастырылады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия мен Ирак шекара қауіпсіздігі және терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқылады

Аладжа сондай-ақ Сирия билігі мен YPG арасындағы шиеленістің бәсеңдеуі, кейін атыстың тоқтау ықтималы мен ықпалдасу үдерісінің басталуы Түркия–Ирак қатынастарына оң әсер етуі мүмкін екенін жеткізді.

Анкара мен Бағдат арасындағы ынтымақтастық

Бағдат университетінің сарапшысы Адель Бадави Парсы шығанағындағы шиеленістер мен АҚШ пен Иран арасындағы текетірестің екі елге де әсер ететін жағдай қалыптастырғанын айтты.

Соған қарамастан Анкара мен Бағдаттың сауда мен қатынасты кеңейтуді көздейтін «Даму жолы» жобасы сияқты бастамалар арқылы аймақтық ынтымақтастықты тереңдетуге айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.

«Хивар әл-Фикр» зерттеу орталығының өкілі Салам Жаббар Израильдің Газаға шабуылдары басталғалы бері қалыптасқан тұрақсыздық екі елдің де тепе-теңдікті сақтау қабілетін сынап отырғанын айтты. Ол Түркияның Ирактың төртінші ірі сауда серіктесі екенін және Ирактағы тұрақсыздықтың Түркия экономикасына да зиян келтіретінін жеткізді.

 

Іздеу
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді
Йемен: «Хоуситтердің Таизге жасаған шабуылдарынан 73 сағатта 33 адам қаза тапты»
Украина мәселесі бойынша Әбу-Дабиде келіссөз басталды
Қытай ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан америкалық ұшқыштардың сүйектерін АҚШ-қа тапсырды
Президент Трамп: “Иранға қарсы жаңа операция қажет емес, бірақ біз дайынбыз”
Түркия мен Өзбекстан қоршаған ортаны қорғау саласында өзара түсіністік меморандумына қол қойды
Резаи Трампты Иранның 7 талабын қабылдауға шақырды
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Фон дер Ляйен Түркия, Румыния және Болгария арасындағы ынтымақтастықты құптады
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды