ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
«Хезболланы» қарусыздандырудың жаңа кезеңі төрт айға созылады
Ливан Ақпарат министрінің айтуынша, жоспардың екінші кезеңі қолдағы мүмкіндіктерге, Израиль шабуылдарына және жергілікті кедергілерге байланысты.
«Хезболланы» қарусыздандырудың жаңа кезеңі төрт айға созылады
Екінші қарусыздандыру кезеңі Литани өзені мен Авали өзені аралығындағы аймаққа бағытталған. / AP
17 Ақпан 2026

Ливан үкіметі елдің оңтүстігінде «Хезболланы» қарусыздандыру жоспарының екінші кезеңін жүзеге асыру үшін армияға кемінде төрт ай қажет болатынын хабарлады.

Ливан үкіметі өткен жылы «Хезболланы» қарусыздандыруға міндеттеме алып, армиядан осыған байланысты жоспар дайындауды сұраған болатын.

Әскер өткен айда жоспардың бірінші кезеңі аяқталғанын мәлімдеді. Бұл кезең Литани өзені мен Израиль шекарасының арасындағы Бейруттан шамамен 30 километр оңтүстікте орналасқан аумақты қамтыды.

Екінші кезең Литани мен Авали өзендерінің арасындағы Бейруттан шамамен 40 километр оңтүстіктегі аймақты қамтиды.

Ақпарат министрі Поль Моркос министрлер кабинетінің отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында үкіметтің армия басшылығының жоспардың екінші кезеңіне қатысты мәлімдемелерін «назарға алғанын» білдірді.

Моркос: «Қолда бар мүмкіндіктерге, Израильдің шабуылдарына және кедергілердің болуына байланысты ұзартылуы мүмкін төрт айлық уақыт бар», - деді.

Израиль 2024 жылғы қарашада Ливандағы соғысты тоқтатуға бағытталған бітімге қарамастан бұл елге қарсы тұрақты шабуылдарын жалғастырып келеді.

Ливанның Денсаулық сақтау министрлігі дүйсенбі күні елдің оңтүстігіне жасалған Израиль шабуылдары салдарынан екі адамның қаза тапқанын хабарлады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ливан президенті Израильді айыптады
Іздеу
Түркия Сыртқы істер министрі Ирандағы жағдайға байланысты бірқатар келіссөз өткізді
«Иран әділетсіз әрі заңсыз шабуылға ұшырады»
Президент Ердоған Таяу Шығыстағы қақтығыстарды тоқтатуға шақырды
Түрік әуе компаниялары Таяу Шығысқа барлық рейсті тоқтатты
Иранға бағытталған шабуылдар басталғалы бері  АҚШ-тың 6 сарбазы қаза тапты
Иран Хормуз бұғазынан өтуге тырысқан кемелерге шабуыл жасалатынын ескертті
Әлем елдері өз азаматтарын Таяу Шығыстан эвакуациялауда
БҰҰ: «Израиль Газаға гуманитарлық көмекті тоқтатты»
Түркия мен Иран шекарасында шектеу
Израиль Ливанда 31 адамды өлтірді
Иран дағдарысы салдарынан мұнай бағасы артуы мүмкін
Иран Израильді атқылады: Бейт-Шемеште 9 адам қаза тапты
Али Лариджани: «Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді»
Кувейттегі АҚШ әуе базасының маңында әскери ұшақ құлады
Мьянма армиясы 10 мың тұтқынды рақымшылықпен босатты