ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші ̶ 92,3 пайыз
Биыл Түркияда 16–74 жас аралығындағы халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші 92,3 пайыз болды.
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші  ̶  92,3 пайыз
Түркияда халықтың интернетті пайдалану көрсеткіші артты

Түркия Статистика институты жүргізген «Тұрғындардың цифрлық технологияларды пайдалануын зерттеу – 2026» нәтижелері жарияланды.

Зерттеу дерегінше, биыл елдегі 16–74 жас аралығындағы халықтың интернетті пайдалану деңгейі 92,3 пайыз болды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 90,9 пайызды құраған. Аталған жас тобында интернетті ерлердің 94,8 пайызы, әйелдердің 89,9 пайызы пайдаланатыны анықталды.

Интернет арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдаланғандар үлесі  ̶  76 пайыз

Соңғы бір жылда жеке мақсатпен мемлекеттік мекемелердің сайттары мен қосымшаларын қолданған және интернет арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдаланғандардың үлесі 76 пайыз болды. Бұл көрсеткіш ерлер арасында 82,7 пайызды, әйелдер арасында 69,4 пайызды құрады.

Электрондық үкімет қызметтерін пайдалану көрсеткіші жас ерекшелігіне қарай сараланғанда, ең жоғары деңгей 25–34 жас тобында тіркеліп, 93 пайызға жетті. Ал ең төмен көрсеткіш 65–74 жас аралығында байқалып, 31,3 пайыз болды.

Интернет арқылы жеке мақсатта тауар немесе қызмет сатып алу немесе тапсырыс беру көрсеткіші 2025 жылы 55,7 пайыз болса, ал биыл 60 пайызды құраған.

Соңғы үш айда интернет арқылы білім алу, кәсіби немесе жеке мақсатта оқу қызметімен айналысқандардың үлесі өткен жылмен салыстырғанда 5,2 пайыз артып, 22,9 пайыз болды. Бұл көрсеткіш ерлер арасында 22,4 пайызды, әйелдер арасында 23,5 пайызды құрады.

Халықтың 90 пайызы «WhatsApp» қолданады

Әлеуметтік желілер мен хабар алмасу қосымшалары арасында ең көп қолданылатын «WhatsApp» 90 пайызбен бірінші орынға шықты. Одан кейін 77,6 пайызбен «YouTube» және 71,1 пайыз көрсеткішпен «Instagram» бар.

Ерлер арасында «WhatsApp» қолданушылардың үлесі 92,5 пайыз, «YouTube» 80,1 пайыз, «Instagram» 71,9 пайыз болды. Ал әйелдердің 87,6 пайызы «WhatsApp», 75 пайызы «YouTube», ал 70,2 пайызы «Instagram» қолданатыны анықталды.

Іздеу
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді
АҚШ халқының 33 пайызы Трампты қолдайды
Немрут тауына келушілер көбейді
Ресейдегі Орск мұнай өңдеу зауыты дрон шабуылынан кейін жұмысын толық тоқтатты
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Мекке келісімі ешбір елді ортақ жау ретінде қарастырмайды»
Анкарада ірі қаржылық қылмысқа қатысты операция басталды
Иран теңіздегі экологиялық залал үшін өтемақы талап етуде
АҚШ-тың Израильдегі елшісі Батыс Шериядағы еврей қоныстанушыларының «террорлық әрекеттерін» айыптады
Түркия 2027 жылы Айға өз аппаратын ұшырады
БАӘ королінің ұшағының Иранға барғаны туралы мәлімдеме
Иран АҚШ-тың Ормуз бұғазы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды