ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 минут оқылды
Нобель Бейбітшілік сыйлығын венесуэлалық Мария Корина Мачадо иеленді
58 жастағы Мария Корина Мачадо АҚШ президенті Дональд Трамп сияқты ең ықпалды үміткерлерді басып озып, 338 кандидат арасынан биылғы сыйлықтың иегері атанды.
Нобель Бейбітшілік сыйлығын венесуэлалық Мария Корина Мачадо иеленді
Нобель Бейбітшілік сыйлығын венесуэлалық Мария Корина Мачадо иеленді
10 Қазан 2025

Норвегияның Нобель комитеті жұма күні 2025 жыл Нобель Бейбітшілік сыйлығының Венесуэла оппозициясының жетекшісі Мария Корина Мачадоға берілгенін хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп өзін бұл сыйлыққа лайық кандидат ретінде көрсетуге тырысқанымен, 58 жастағы Мачадо «Венесуэла халқының демократиялық құқықтарын ілгерілету жолындағы ерен еңбегі» үшін марапатқа лайық деп танылды.

Биылғы марапатқа барлығы 338 кандидат ұсынылған. Олардың 244-і жеке тұлға, ал 94-і ұйым.

Өткен жылғы Нобель Бейбітшілік сыйлығы Жапонияда атом бомбасының құрбандарынан құралған халық қозғалысы «Nihon Hidankyo» тобына берілген болатын. Бұл ұйым «ядролық қарудан азат әлем құру жолындағы күш-жігері және ядролық қарудың ешқашан қолданылмауы керектігін куәгерлермен дәлелдегені» үшін марапатталды.

1901–2024 жылдар аралығында Нобель Бейбітшілік сыйлығы 105 рет табысталып, оны 111 тұлға мен 31 ұйым иеленді. Барлығы 28 түрлі ұйым бұл сыйлыққа ие болған. Атап айтқанда, Халықаралық Қызыл Крест комитеті үш рет, ал БҰҰ Босқындар жөніндегі комитеті екі рет марапатталған.

Швед өнертапқыш Альфред Нобельдің өсиетіне сәйкес 1901 жылдан бастап табыстала бастаған Нобель сыйлығы бүгінгі таңда әлемдегі ең беделді марапаттардың бірі саналады.

Бұл марапат жыл сайын физика, химия, физиология немесе медицина, әдебиет және бейбітшілік салаларында беріледі, ал 1969 жылы Швецияның Орталық банкі экономика саласында Нобель сыйлығын тағайындаған.

Іздеу
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран ұшырды
БҰҰ Сирия президенті мен Ішкі істер министріне салынған санкцияларды алып тастады
ЕО Ресей азаматтарына көп мәртелік виза бермейтін болды
«Nvidia» компаниясының бас директоры жасанды интеллект жарысында Қытайдың жеңетінін айтты
АҚШ әуежайлары әуе қозғалысын 10%-ға қысқартады
АҚШ пен Сауд Арабиясы бірлескен әскери оқу-жаттығуын бастады
АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қарар жобасын ұсынды
Израиль шабуылынан Ливанда бір адам қаза тауып, бірі жарақат алды
Филиппинді соққан тайфун Вьетнамға қарай жылжуда
Сеул Пхеньянның жетінші ядролық сынақ өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Батыс Шерияға Израильдің шабуылдары күшейді
“Shenzhou-20” экипажы Жерге кеш оралады
Оңтүстік Филиппинде көмек тікұшағы апатқа ұшырады
Босниядағы қарттар үйіндегі өртте 10 адам қаза тапты
“Газалықтар шүкіршілік етуден танбайды”
Суданда ондаған адам қаза тапты