Яловада алты ДАИШ лаңкесі жойылды
Ішкі істер министрі Али Йерликаяның хабарлауынша, операция барысында үш қауіпсіздік қызметкері қаза тапқан.
Түркияның солтүстік-батысындағы Ялова провинциясында жүргізілген терроризмге қарсы операция кезінде ДАИШ ұйымына мүше кемінде алты лаңкес залалсыздандырылғаны хабарланды.
Ішкі істер министрі Али Йерликая дүйсенбі күні жасаған мәлімдемесінде лаңкестердің қауіпсіздік күштеріне оқ атуы салдарынан үш полиция қызметкері қаза тапқанын айтты.
Йерликая: «Өкінішке қарай, үш батыр полиция қызметкеріміз шейіт болды», -деп, қақтығыс барысында сегіз полиция қызметкері мен бір қауіпсіздік қызметкерінің жараланғанын хабарлады.
Аталған операция Яловадағы ДАИШ мүшелерін нысанаға алғаны және Түркияның қауіпсіздік күштері жүзеге асырып жатқан терроризмге қарсы күрес аясында өткізілгені атап өтілді.