ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған Түркияның бейбітшілікті қолдайтынын атап өтті
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған: «Соғыс одан әрі ушықпай тұрып, адамдар зардап шекпей, қан төгілмей тұрып бұл соғысты сөндіруге тырысып жатырмыз», - деді.
Президент Ердоған Түркияның бейбітшілікті қолдайтынын атап өтті
Президент Ердоған Түркияның бейбітшілікті қолдайтынын атап өтті / AA
12 Наурыз 2026

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Анкараның Иранға қатысты ұстанымы айқын екенін айтып, Түркияның әрдайым соғысты емес, бейбітшілікті қолдайтынын атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған: «Соғыс ушықпай тұрып тоқтатылуы керек»

Елдің Ирандағы атысты тоқтату үшін жасап жатқан күш-жігеріне тоқталған Ердоған: «Атысты тоқтату режимінің орнатылуы және келіссөз үстеліне қайта оралуы үшін қарқынды жұмыс істеп жатырмыз», - деді.

Президент: «Соғыс күшеймей тұрып, от шеңбері кеңеймей тұрып, адамдар зардап шекпей, қан төгілмей тұрып бұл өртті сөндіруге тырысып жатырмыз», - деді.

Израиль үкіметінің әрекеттерін қатаң сынға алған Ердоған: «Әр түнін бомбадан қорғану бункерлерінде өткізетін Израиль халқының өзі Холокосттан кейін бастарына түскен ең үлкен апат  Нетаньяху екенін ашық айтып жүр», - деді.

АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранға бірлескен шабуыл бастады. Бұл шабуылдарда Иранның рухани көсемі Әли Хаменей, сондай-ақ 150-ден астам оқушыны қоса алғанда 1300-ден астам адам қаза тапты.

Ал Тегеран жауап ретінде Израиль, Иордания, Ирак және АҚШ әскери күштері орналасқан Парсы шығанағы елдеріндегі нысандарға бағытталған ұшқышсыз ұшу аппараттары мен зымырандар арқылы соққы бергенін  хабарлады.

Іздеу
Түрік барлау қызметі аймақтық шиеленісті бәсеңдетуге қалай көмектесуде?
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Президент Ердоған АҚШ пен Иран арасындағы бітімді құптады,«арандатушылықтардан» сақтандырды
Түркия уақытша бітімді құптайды және оның «толық жүзеге асырылуын» талап етеді
АҚШ пен Иранның келісімінен кейін мұнай бағасы төмендеп, акциялар артты
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісті, келіссөздер Исламабадта өтеді
Түркия мен Пәкістан Сыртқы істер министрлері Ирандағы соғысты талқылады
АҚШ пен Израиль Иранның Харк аралын атқылады
Иранның әуежайлары мен қалаларына әуеден шабуыл жасалды
Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды
"Пәкістанның Таяу Шығыстағы бейбітшілік келіссөзіндегі рөлі "маңызды" кезеңге жақындап келеді"
Франция Иранның инфрақұрылымына жасалатын шабуылдар туралы АҚШ-қа ескерту жасады
«Израиль Иранмен соғысты тоқтатуға бағытталған барлық әрекеттерге кедергі келтіруде»
АҚШ сенаторлары: “Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққылары соғыс қылмысына тең”
АҚШ пен Израиль Иранның ең ірі мұнай-химия кешенін нысанаға алды