ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ Израильге 200 әскер жібереді
АҚШ  ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, жіберілетін әскерлер бірлескен бақылау орталығын құрып, Газадағы өзге қауіпсіздік күштерін Израиль армиясымен интеграциялап, ықтимал қақтығыстардың алдын алуға күш салады.
АҚШ Израильге 200 әскер жібереді
АҚШ Израильге 200 әскер жібереді / AA

АҚШ-тың екі ресми өкілі АҚШ-тың Газада бейбітшілік орнату мақсатында құрылатын бірлескен миссия аясында 200 әскери қызметкерді орналастыратынын, алайда Газа аймағында бірде-бір АҚШ сарбазының болмайтынын хабарлады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Газаға қатысты бітім келісіміне бүгін қол қойылады

Бейсенбі күні журналистерге аты-жөндерін жарияламау шартымен мәлімдеме жасаған ресми өкілдер аталған 200 әскер миссияның негізін құрайтынын және құрамына Мысыр, Катар, Түркия және Біріккен Араб Әмірліктерінен де өкілдер енуі мүмкін екенін айтты.
Сонымен қатар олар АҚШ әскерлерінің нақты қай жерге орналастырылатыны әзірге анықталмағанын, бірақ бірлескен бақылау орталығы құрылатынын және ықтимал қақтығыстардың алдын алу мақсатында Газада қызмет атқаратын өзге қауіпсіздік күштерінің Израиль армиясымен бірге әрекет ететінін атап өтті. «Бірде-бір АҚШ сарбазының Газаға кіруі жоспарланбаған», – деді олар.

АҚШ өкілдері келісімнің күшіне енуімен бірге аймақтағы шиеленістің азаюы және Израиль мен араб елдері арасындағы қалыпқа келу келісімдеріне жол ашылатынына үмітті екендерін баса айтты. Еске сала кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің алғашқы президенттік мерзімінде Израиль мен Бахрейн, Біріккен Араб Әмірліктері, Марокко және Судан арасында жасалған «Ибрахим келісімдерінің» бастамашысы болған еді.

 

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты